18 қараша күні «Жанұяда балаға зорлық-зомбылық болмасын» жалпы ата-аналар жиналысы
2023 жылдың 18 қараша күні «Жанұяда балаға зорлық-зомбылық болмасын» жалпы ата-аналар жиналысының өткізілуі туралы
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясындабіртұтас тәрбие бағдарламасындағы ұлттық мүдде, ар – ұят, талап құндылықтарын басшылыққа алып,Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Қазақстанда БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялау аясында Меркі ауданының білім бөлімінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №1547 хатына сүйене отырып, 2023 жылдың 18 қараша күні «Жанұяда балаға зорлық-зомбылық болмасын» жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты- жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау,ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың, балалар арасындағы ұрлықтың алдын алу. Зорлық-зомбылық, буллинг, кибербуллингтің алдын алу болып табылды. Мектеп директоры Бексултанова Мадина Болатовна сөз алып, әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ. Абайдың "Толық адам" ілімінен бастау алатын "Адал азамат" тұжырымдамасының түпкі мәні – осы.Әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, әділдік орнайды. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» – деп айтып кеткендей, балалардың баянды болашақтары үшін педагогтар мен ата-аналардың күшін біріктіріп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу мақсатын басты орынға қою керек деді.
Мектебіміздегі тарих пәнінің мұғалімі Дүйсебай Біржан «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы - жаңа ұлт сапасын құқықтық мәдениет арқылы қалыптастыру! Мемлекет басшысы заңның сақталуына, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға қатысты мәселелерге баса мән берді.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Заң мен Тәртіп қағидаты Қазақстан қоғамының идеологиялық және саяси темірқазығына айналуға тиіс. Қазіргі қалыптасқан жағдай көшедегі мәдениетсіздіктен бастап төбелес, ұрлық, кісі өлтіруге дейінгі құқықбұзушылықтың барлық түріне ымырасыз қарсы тұруды талап етеді деді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Айтбаева «Жол көлік оқиғалары», «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ақпарат берді.
Жиналыста ЖПҚб ЮПТ полиция лейтенанты Манызқызы Арна, полиция қызметкерлері басшы құрамы оқушыларды қорлау сондай –ақ бопсалауды тоқтату», «Зорлық зомбылықтың алдын алу» , «Электроскутер міну ережелері және оған тыйым салу», «Интернетке тәуелділікті жою», «Электронды және синтетикалық есірткілердің зияны» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп психологы Е.Олжабай буллинг, ұрлық, кибербуллинг қасіреті жайлы баяндама оқыды. Жиналыс соңында ата-аналар өздерінің тараптарынан әр түрлі ұсыныстар, пікірлер білдірді.«Ұл – қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеп, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етейік» – деп мектептің құқықтық тәрбие орынбасары А.Таукебаева жиналысты аяқтады