24
сентябрь
2024
7-11сынып оқушыларымен «Адам саудасы-ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында кездесу өтті
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Меркі ауданының полиция бөлімінің басшы құрамымен және ата-аналар комитетінің мүшелерінің қатысуымен 2024 жылдың 24 қыркүйек күні 7-11сынып оқушыларымен «Адам саудасы-ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында кездесу өтті. Мақсаты: оқушылар арасында құқықтық мәдениетті насихатау, құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет желісіндегі оқушыға қазіргі таңда кеңінен тарап жатқан әлеуметтік желідегі қауіпті ойындар (SCHOOL BOY RUNWAY) жайлы, буллинг, кибербуллинг, лудомания т.б қауіптер жайлы түсіндіріп, бала денсаулығына қауіп тудыратын адам саудасының алдын алуға байланысты кеңес беру