🔎 Сталкинг дегеніміз не? » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
февраль
2026

🔎 Сталкинг дегеніміз не?

Асанбай Асқаров атындағы жалпы білім беретін тірек мектеп-гимназиясында 2026 жылдың 11 ақпан күні  «Сталкинг: алдын алу және жауапкершілік» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өткізілді. 
Мақсаты:
Ата-аналарға сталкинг ұғымын түсіндіру, оның белгілерін анықтау, балаларды қорғау жолдары мен құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат беру.
🔎 Сталкинг дегеніміз не?
Сталкинг – бір адамды үнемі аңду, мазалау, қудалау, бақылау, қорқыту немесе еркінен тыс байланыс орнатуға тырысу.
Бұл әрекеттер:
әлеуметтік желілерде үздіксіз жазу;
жалған парақша ашып бақылау;
телефон арқылы мазалау;
мектепке, үйге дейін аңду;
қорқыту, бопсалау түрінде көрінуі мүмкін.
👨‍👩‍👧 Неліктен бұл мәселе маңызды?
Бүгінде жасөспірімдер арасында сталкинг көбіне:
әлеуметтік желілер арқылы;
сыныптастар арасында;
бұрынғы достық немесе қарым-қатынастан кейін кездеседі.
Интернет кеңістігінде бұл құбылыс киберсталкинг деп аталады.
⚠️ Баланың сталкингке ұшырағанын қалай байқауға болады?
Ата-ана назар аударуы керек белгілер:
Баланың көңіл-күйінің күрт өзгеруі;
Телефоннан немесе әлеуметтік желіден қорқу;
Белгісіз нөмірлерден жиі хабарламалар;
Мектепке барудан бас тарту;
Тұйықталу, мазасыздық.
🛡 Ата-аналарға ұсыныстар
Баламен ашық сөйлесіңіз.
Жеке мәліметтерді интернетке жарияламау туралы түсіндіріңіз.

құқық қорғау органдарына хабарласыңыз деген кеңстер берілді.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив