09
февраль
2026
«Сталкингтің алдын алу және қыздардың қауіпсіздігі»
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясында «Сталкингтің алдын алу және қыздардың қауіпсіздігі» тақырыбында 9.02.2026 күні қыздар жиналысы өткізілді. Мақсаты:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, соның ішінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі аясында қыз балалар арасында «Сталкинг» (қудалау, аңду, мазалау) мәселесінің алдын алу
Жиналыс барысында сталкинг ұғымы түсіндіріліп, оның түрлері (әлеуметтік желі арқылы мазалау, үздіксіз қоңырау шалу, аңду, қорқыту, бопсалау) туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, мұндай жағдай орын алған кезде әрекет ету алгоритмі түсіндірілді:
ата-анаға немесе сенімді ересек адамға хабарлау;
мектеп әкімшілігіне, психологқа немесе мектеп инспекторына жүгіну;
дәлелдерді (хат алмасу, қоңырау журналдары, скриншоттар) сақтау;
қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына шағымдану.
Кездесу барысында қыздардың жеке қауіпсіздігі, цифрлық сауаттылығы және әлеуметтік желідегі өзін-өзі қорғау мәдениеті туралы кеңестер берілді. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарына жауап алды.
Қорытынды:
Жиналыс барысында оқушыларға сталкингтің құқықтық жауапкершілігі мен алдын алу жолдары түсіндірілді.