08
апрель
2026
«Ерте жастағы жыныстық қатынастың салдары»


Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектепте 2026 жылдың 8-сәуір күні мектеп инспекторы Арна Маңызқызының қатысуымен 14–17 жастағы қыз балалар арасында қауіпсіздікті арттыру, жыныстық тиіспеушілікті қамтамасыз ету, ерте жүктіліктің алдын алу, сондай-ақ жеке бас тазалығы мен гигиена мәдениетін қалыптастыру мақсатында әңгіме-кеңес жұмыстары жүргізілді.Іс-шараға жалпы 50 қыз бала қатысты.
Іс-шара барысында келесі мәселелер қарастырылды:
Қыз балаларға арналған жеке бас мәдениеті және әлеуметтік желідегі қауіпсіздік мәселелері түсіндірілді;
Ерте жүктіліктің алдын алу және оның салдары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
«Ерте жастағы жыныстық қатынастың салдары» тақырыбында түсіндірме берілді.
Әңгіме барысында оқушыларға өз қауіпсіздігін сақтау, жауапкершілікпен қарау, дұрыс шешім қабылдау дағдылары туралы кеңестер берілді.