30
ноябрь
2020
«Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің және жыныстық тиіспеушіліктің алдын-алу
Ананың қызына беретін үлгі -өнегелері туралы түсіндіру, қыз балаларды адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, инабаттылыққа баулу мақсатында №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, оқушы қыздарынан құралған «Айару» қыздар клубының 9-11 сынып қыздары мен аналарымен жоспарлы қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыс аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Айтбаева, мектеп психологы Э.Олжабай, əлеуметтік педагог А.Ойшиева «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің және жыныстық тиіспеушіліктің алдын-алу», «Аяғыңды аңдап бас!», "Анасына қарап қыз өсер" атты баяндамалар оқып, бейнероликтер көрсетті. Баяндама, бейнероликтер бойынша сұрақтар қойылып, қыздар және аналарымен ашық сұхбат ұйымдастырылды. Жиналыста қазіргі пандемия кезінде орын алып жатқан әртүрлі мәселелер, түрлі түсінбеушілік салдары, ауру түрлері, оның туғызатын зардаптары туралы нақты фактілермен мысал келтіріліп, талқыланды.