Құқықтық тәрбие » Страница 25 » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
« Біз ғаламтор туралы не білеміз? » Семинар- тренинг өткізілді.
15
декабрь
2021
« Біз ғаламтор туралы не білеміз? » Семинар- тренинг өткізілді.
2021жылдың 15 желтоқсан күні #1ЖОББМГ 9-11-сынып  оқушыларымен « Біз ғаламтор туралы не білеміз? » Семинар- тренинг өткізілді. Психологтар тарапынан интернет тәуелділігінің алдын алу, компьютер ойындарының  денсаулық үшін зияндылығы туралы хабардар еті.Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында компьютер ойындарына тәуелділік, бейне және компьютерлік ойындардың шектен тыс көбеюі, лудомания фактілері, виртуалды зорлық-зомбылық оқиғалары орын алып жатқандығы, компьютер ойындары адамның мінез-құлқын,
«Жас жасақшылар» тобы 8-11 сынып оқушылары арасында әңгіме-кеңес жүргізе отырып, оқушыларға вейп, темекі туралы бейне материалдар көрсетіп, оқушылармен талдады.
07
декабрь
2021
«Жас жасақшылар» тобы 8-11 сынып оқушылары арасында әңгіме-кеңес
 #1жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында «Жас жасақшылар» тобы 8-11 сынып оқушылары арасында әңгіме-кеңес жүргізе отырып, оқушыларға вейп, темекі туралы бейне материалдар көрсетіп, оқушылармен талдады. Оқушылар есірткелер, спирттік ішімдіктер, темекі өнімдерінің қандай басқа да зиянды жақтары бар екені туралы өз ойларын ортаға салды. «Вейп-өте қауіпті!»  рейдтік іс-шара өткізді. Мектепке жақын орналасқан дүкендерге  де рейд жүргізіліп, жасөспірімдердің ағзасына зиян келтіретін өнімдер
"Вейп-денсаулыққа өте қауіпті"  атты апталық өткізуде.
06
декабрь
2021
"Вейп-денсаулыққа өте қауіпті" атты апталық өткізуде.
№1ЖОББМГ2021жылдың 6 желтоқсан күні,  вейп шылымдар мен электронды темекінің және басқа да зиянды заттарды тұтынудың алдын алу мақсатында: "Вейп-денсаулыққа өте қауіпті"  атты апталық өткізуде. Апталық барысында 8-11 сынып жетекшілері оқушыларға электронды темекінің адам ағзасына қаншалықты зиян екендігі туралы ақпарат бере отырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
«Ұрпақ саулығы-ұлт саулығы»  акция өткізілді. Жеке адамның да, қоғамның да  ең басты байлығы – денсаулық.  Денсаулық – адам тіршілігінің ең бірінші шарты.
06
декабрь
2021
«Ұрпақ саулығы-ұлт саулығы» акция өткізілді. Жеке адамның да,
№1жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2021жылдың 6 желтоқсан күні 5-7 сынып оқушылары арасында «Ұрпақ саулығы-ұлт саулығы»  акция өткізілді. Жеке адамның да, қоғамның да  ең басты байлығы – денсаулық.  Денсаулық – адам тіршілігінің ең бірінші шарты. Спортпен айналысу, салауатты  өмір салтын ұстану – денсаулықтың кепілі екендігі айтылды. Оқушылар ұрандарын айтып, өз ойларын жеткізді.
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» ақпараттық науқанының өткізу іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021жылдың 2 желтоқсан күні «Біз өз проблемаларымыз туралы»тақырыбында «5-11» сынып оқушыларымен сынып сағаттары өткізілді.
02
декабрь
2021
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» ақпараттық науқанының өткізу іс-шаралар
«№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының       «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» ақпараттық науқанының өткізу іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021жылдың 2 желтоқсан күні «Біз өз проблемаларымыз туралы»тақырыбында «5-11» сынып оқушыларымен сынып сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді
1-4 сынып оқушылары арасында «Құқық әлеміне саяхат»  танымдық сабақтары өтті.
30
ноябрь
2021
1-4 сынып оқушылары арасында «Құқық әлеміне саяхат» танымдық
№1 ЖОББМГ Мақсаты: оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Құқықтарымен таныстыра отырып, түрлі өмірлік жағдайларда пайдалана білуді үйрету.Ойлау, еске сақтау дағдыларын, құқықтық білімдерін, шығармашылықтарын дамыту.Құқықтық сауаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу болып табылды.  Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жағдаят шешу, Ой шақыру:  -Заң деген не? Ол туралы не білеміз? -Оқушылар пікірін тыңдау, толықтыру арқылы өтті.
Құқық сабақтарымен- өмір сабақтары».
29
ноябрь
2021
Құқық сабақтарымен- өмір сабақтары».
№1 жалпы  білім беретін  мектеп-гимназиясы  «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында Меркі аудандық полиция бөлімінің инспекторларымен кездесу өткізілді.  Мақсаты: оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік беру,  білімдерін толықтыру,кездесуге шақырған құқық қызметкері арқылы құқықтық білімдерін нығайту. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру болып табылды.
5-7сынып оқушылары арасында «Нашақорлыққа жол бермейміз» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
22
ноябрь
2021
5-7сынып оқушылары арасында «Нашақорлыққа жол бермейміз» тақырыбында
№1 ЖОББМГ 5-7сынып оқушылары арасында «Нашақорлыққа жол бермейміз» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға зиянды заттардың денсаулыққа аса қауіпті екендігін ескерту, нашақорлықтың алдын алу болып табылды. Бүгінгі күні нашақорлық - бір адамның ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның қасіреті екендігі түсіндірілді. Адамдар салауатты, дені сау, қоғамымыз әркенді де өркениетті болуы үшін, нашақорлыққа қарсы күресу-әр азаматтың міндеті туралы ескертілді.
«Өмір – адам баласына берілген ең қымбат қазына»
20
ноябрь
2021
«Өмір – адам баласына берілген ең қымбат қазына»
Мақсаты: Оқушылардың өмір құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;  Өмірдің мәні мен мағынасын түсіне отырып, өмірді сүюге тәрбиелеу, өмірге деген құштарлықтарын арттыру; өмірден өз орындарын   таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету болып табылды. Бұл іс-шараға мектеп психологтары қатысып,  адам өзін — өзі тәрбиелеп , алдына мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып , “өз өмірім өзіме құнды ” деген қағиданы басты назарда ұстауымыз қажет деп