«Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» тақырыбында өткізілген тренинг
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2020 жылдың 20 қазан күні «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» тақырыбында тренинг, релаксация өткізілді. Мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым - қатынас орната білу.
Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін психологиялық тренингке қош келіпсіздер! Бүгін сіздердің психикалық көңіл - күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз - өзіңізге құрметпен қарауға, бір - бірімізбен сыйластық қарым - қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Ыстық картоп» ойыны
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл - күйлерін көтеру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Алдын - ала дайындалған сұрақтар қағазға жазылып, дөңгелек пішінде умаждап, ыстық картоп дайындаймыз. Қарқынды әуен қосылады да, қатысушылар ыстық картопты жылдам бір - біріне береді. Әуен тоқтатылған кезде ыстық картоп кімнің қолында болады сол адам тез қағазды ашып, жазылған сұраққа жылдам жауап беруі тиіс.