Қамқоршылық кеңес отырысы өтті
Отырыс өткен орын: А.Аскаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясы конференция залы.
Қатысқандар: кеңес мүшелігіне үміткерлер Мырзаханова Айгерім Алтынбековна, Мустафаева Рахима Утигалиевна, Жаксылыкова Ғалия Хамидиновна, Аскарова Гульчехра Исмайловна, Абирова Гулзира Женисовна, Алтынбекова Кенжекуль Жексенбіқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтбаева Айнур Кумисбековна, хатшы Досалы Ардак.
Күн тәртібінде:
1. «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің жылғы үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрығымен «Қамқоршылық кеңестің құрамын бекіту туралы» Меркі аудандық білім бөлімінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 464 бұрықтың №17 қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі А.Аскаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясының коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес құрамын бекіту және төрағасын сайлау мәселесі.
Комиссиясы отырысының шешімі:
- Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі А.Аскаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып жеке кәсіпкер Мырзаханова Айгерім Алтынбековнаны сайлансын.