25
май
2021
"Соңғы қоңырау -2021"
№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында бүгін соңғы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны болып өтті.
Жүргізушілердің ортаға әр түлекке сипаттама ретінде шығарылған өлең жолдары арқылы 11 сынып оқушылары және сынып жетекшілері шақырылды Жиынға Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері – Ендібаев Жанабек Усенбаевич, ардагер ұстаздар, құрметті қонақтар келіп, құттықтау тілектерін білдірді. Мектеп директоры Бексултанова Мадина Болатқызы мектеп бітіруші түлектерді, ұстаздар қауымын және жиналған оқушылар мен ата-аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, биылғы жылдың жетістіктерін айтып, түлектерге сәт сапар тіледі. Сонымен қатар оқу үздіктері мен «Жыл оқушысы-2021» диплом, мақтау қағаздары табыс етті. Мереке жалғасы мектеп бітіруші түлектердің ұстаздарына арналып шығарылған арнау өлең, ән – жырларымен, «Мектептегі вальс», «Ұстазға тосынсый» мереке сәнін кіргізді. Мектеп бітіруші түлектерге балғын жас шыбықтар 1 - сынып оқушылар сәт сапар тілеп, тақпақтарын оқыды. Түлектердің алтын кілтін, 11 сынып түлектері Ахметов Дінмұхаммед, Казбекова Елдана және қабылдау үшін 10 сынып оқушылары Жақсыбай Нұрлан, Бахытбек Еркеайым жас түлектерімізге өздерінің жылы лебіздерін арнады. Соңғы қоңырау соғу салтанаты құрметпен 11- сынып оқушысы «Алтын белгіге» үміткер Абуев Азиз, Абдуллаева Нурайя мен 1-сынып оқушылары соқты. Осылайша сыңғырлаған қоңырау үнімен қоштасқан мектеп бітіруші түлектер ұстаздар қауымымен қимай қоштасты.