«Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» алғашқы қоңырау салтанатты жиын
Оқушыларға білім күні мерекесі болашаққа айқын мақсаттарымызды бағыттайтын үлкен айтулы күн екенін ұғындыру, білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында №1 жалпы білім беретін мектепте «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Білім мерекесі қолдарына әртүрлі шарлар ұстаған жүздерінен қуаныштың ұшқыны жалындаған, білім теңізіне алғаш қадам басқан 1 – сынып өрендерінің шеруімен басталды. Салтанатты жиынды мектеп директоры Айгерім Аханқызы ашып, өткен оқу жылындағы жетістіктерге тоқталып, ұстаздар мен оқушыларға жаңа бастамалар тіледі. 2019 жыл – «Жастар жылы» атты маңызды оқиғаларға шолу жасалды. Қазақстан республикасының мемлекеттік туына сап түзеліп, гимн орындалды. Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері – Избасарова Гулзира Арынбаевна, Меркі ауданы әкімдігінің бюджетті жоспарлау бөлімі басшысының көмекшісі Сембаев Ерлан Ашимханович және ардагер ұстаздар алғашқы қоңырау мерекесімен ұстаздарды, оқушыларды, ата-аналарды құттықтады. Қонақтардың құттықтау сөзінен соң 1 сыныптың оқушыларының құттықтауымен жалғасты. 11 сынып түлектері атынан түлектер1 сынып оқушыларына тілектерін арнап, «Білім кілтін» тапсырды.Салтанатты жиында бірнеше республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпаздары «Керім-ай» бишілер тобы «Құмыра» биін билеп, «Алау» квартеті «Мен қазақпын» әнін орындады. 1 сынып бүлдіршіндері ортаға шақырылып алғашқы қоңырау соғылды. Жиын соңында барлық білім алушылар «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты тақырыбындағы бірыңғай білім сабағына шақырылды. Білім сабақтары барысында оқушыларға кітаптың мәртебесін көтеру және кітап оқуды қолдау, мемлекеттік мереке - Конституция күнінің маңызы, «Адалдық алаңы» жобасы, сыбайлас жемқорлық туралы айтылып өтті. Алғашқы білім сабағына сынып оқушылар түгел, Мектеп Ережесіне сай киім формасында қатысты.