11
июнь
2018
«Ел жүрегі -Астана» атты соңғы қоңырау мерекесі
• Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр – деп ақын ағаларымыз жырлап кеткендей, осынау бір сырлы өлең жолдарымен 25 мамыр күні «Ел жүрегі -Астана» атты соңғы қоңырау мерекесінің салтанатты жиын болып өтті.
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп
Түлектерді шақырайық ортаға- деген жүргізушілердің сөзінен соң, ортаға әр түлекке сипаттама ретінде шығарылған өлең жолдары арқылы 11 сынып оқушылары және сынып жетекшілері шықты.Жиынға Меркі ауданыны әкімінің орынбасары Бақытхан Жақанұлы, Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері – Избасарова Гулзира, Сарымолдаев ауылдық округының өкілі Құралбаев Бейбіт Серікұлы құрметті қонақтар келіп, құттықтау тілектерін білдірді. Мектеп директоры Алтынбаева Айгерім Аханқызы мектеп бітіруші түлектерді, ұстаздар қауымын және жиналған оқушылар мен ата-аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, биылғы мереке «Астанаға 20 жылдық» мерекесімен тұспа-тұс келгендігіне тоқталып, биылғы жылдың жетістіктерін айтып, түлектерге сәт сапар тіледі. Сонымен қатар оқу үздіктері мен «Жыл оқушысы-2018» диплом, мақтау қағаздары табыс етті. «Арнұр» квартеті «Астана», «Қазақстан» әндерін айтса, «Ай ару» би тобының бишілері би биледі. Мереке жалғасы мектеп бітіруші түлектердің ұстаздарына арналып шығарылған арнау өлең,ән – жырларымен, «Мектептегі вальс», «Флешмоб» мереке сәнін кіргізді. Мектеп бітіруші түлектерге балғын жас шыбықтар 1 - сынып оқушылар сәт сапар тілеп, тақпақтарын оқыды. Түлектердің алтын кілтін, 11 сынып түлектері Толеман Елнұр, Джамалова Эльназ және қабылдау үшін 10 сынып оқушылары Жақып Мирас пен Ширинова Севиль жас түлектерімізге өздерінің жылы лебіздерін арнады. Соңғы қоңырау соғу салтанаты құрметпен 11- сынып оқушысы Ахметов Ануар мен 1-сынып оқушысы Алиева Аси, Шойбекова Лиана және Писпекбай Әділсейіт соқты.Осылайша сыңғырлаған қоңырау үнімен қоштасқан мектеп бітіруші түлектер ұстаздар қауымымен қимай қоштасты.Мерекелік жиын өте жоғары дәрежеде өтті.