09
август
2021
«Мектепке жол» республикалық акциясы
🧑👧«Мектепке жол» республикалық акциясы
Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!
📚Оқушылардың жазғы демалысының аяқталуымен, көңілді демалыс күндерін артқа тастаған балалар енді ерекше серпіммен кезекті оқу жылына аяқ басады. Балаларды мектепке дайындаудың әуресі әркімге аян. Осы орайда жүрегі жомарт, қайырымды ел азаматтары «Мектепке жол» акциясы аясында көмек қолын созса игі.
📚Акция «Жүректен жүреккке» ұранымен өтуде.
Акцияның мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қорғалған түрлі санаттағы отбасы балаларына қолдау көрсету мен балалардың 1 қыркүйекте әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу болып табылады. Жылдан жылға акцияға қатысып, әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға қолдау көрсетушілердің саны артуда, солардың ішінде қала әкімдігі, қалалық мәслихат, депутаттар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар, білім беру, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдары, заңды және жеке тұлғалар белсенділік көрсетуде.
Әлем ізгі ниетті адамсыз емес. Бұл – өмір ақиқаты!
📢Қайырымдылық акциясы шеңберінде ауданымыздың барлық азаматтарын мектеп-гимназиямздың көмекті қажет ететін балалары ілтипат пен қамқорлыққа бөленіп, олардың қажетті әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін игі жақсылық жасауға шақырамыз!
📞Демеушілік көрсететін аудан тұрғындары мен қонақтарын Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылдық округі, Омарходжаев көшесі №1 үй, №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясына жолығуын сұраймыз.
❗❗❗Дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы жыл бойы жалғасады!