09
октябрь
2021
"Берекелі шаңырақ" қоғамдық кеңесінің "Тәрбиенің ең тамаша ортасы-Отбасы" тақырыбында отырысы
№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық апталық аясында отбасы, неке мәртебесін дәріптеу, отбасы құндылықтарын жастар арасында насихаттау мақсатында "Берекелі шаңырақ" қоғамдық кеңесінің "Тәрбиенің ең тамаша ортасы-Отбасы" тақырыбында отырысы өтті. Отырысқа әжелер кеңесінің төрайымы А. Жазықбаева, аналар кеңесінің төрайымы А.Боранкулова, қамқоршылық кеңесінің төрайымы Г.Кыдыркулова, ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы Г.Аскарова қатысты. Отбасы – ұлттық мәдени кодтың, моральдық ұстанымдардың және отбасылық дәстүрлердің сақтаушысы. Жас ұрпақты, болашақта қыздарды дұрыс тәрбиелеу мәселесі, көп балалы отбасылар мен жастарды қолдау мектептегі тамақтану мәселелері, пандемия кезіндегі стрессті жағдайлардан шығу жолдары, аналарды өз балаларының бейбіт және қауіпсіз болашағының негізі ретінде елдегі әлеуметтік әл-ауқат, тұрақтылық, бейбітшілік және келісім саясатын қолдауға шақыру мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарының игі тұстары сөз етілді.