12
ноябрь
2021
«Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты кездесу
№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерекесіне орай, жас ұрпаққа қазақ халқының Тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі, мәңгілік елдің босағасын бекітер бүгінгі жас, аға ұрпақтың өткенінен тағылым алып, жастар өз тағдырларына өздері иелік ететін азаматтар болуы үшін, өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалардың ортасында болған аға - апаларының әңгіме - өнегесін, тарих беттеріндегі қалған парақтарды еске түсіру, түсіндіру мақсатында «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты кездесу өткізілді. Қара бастың қамын емес, қазағының арын ойлап Алматының орталық алаңында отаршылдыққа қарсы шыққан рухты жастар- "Желтоқсан-86" оқиғасына қатысқан, елі, жері үшін тартысқа түскен Тараз қалалық «Желтоқсан -86» қоғамдық бірлестігінің орынбасары - Хажимуратов Исмаил және бірлестік мүшелері Молдағұлова Раушан, Алтаев Бақыт, қазіргі таңда Алматы қаласында тұратын - Толымбек Жортулы, Тараз қаласында тұратын - Иманкулова Света, Жаналиева Ляйля, Меркі ауданында тұратын- Расилов Сапарғали, Тоғысбаева Айнур Қыпшақбайқызы, Жуанышева Эльмира, Молдагулова Раушан, Шинасилова Жанар, Жуанышева Гулмира, Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Абдыкасымов Дармен қатысып, оқиғаның қатысушылары, куәгерлері сол күні бастан кешкен, көзбен көрген уақиғаларды баяндап, ескіліктің еншісінде қалған естеліктерін жаңғыртып, ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет араласқан қаралы да қасіретті күнін еске алып, өткен күнге шегініс жасағанда кездесудегі оқушылар, мектеп ұжымының жүрегін шымырлатып, көзіне жас келтірді. Іс-шараға қатысушы білім алушылар сұрақ қойып -жауап алса, 6 "А" сынып оқушылары "Желтоқсан" поэтикалық сағатын ұсынды. Желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, Тәуелсіздіктің жетістіктеріне шолу жасалды, 4 "А" сынып оқушысы Болатбек Санжар "Тәуелсіз елім" патриоттық әнін орындап, Толымбек Жортулы Байжүнісұлы "1986 Желтоқсан" кітабын естелікке сыйласа, Хажимуратов Исмаил ағамыз жастар арасында жоғарғы деңгейде іс-шараны ұйымдастырғаны үшін мектеп директорын және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын "Алғыс хатпен" марапаттады. Кездесу соңында естелікке фотога түсті