15
декабрь
2018
«Ар – намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан»
№1 жалпы білім беретін мектепте «16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, 2018 жылдың 12 желтоқсан күні «Ар – намысым, мақтанышым - Желтоқсан» тақырыбында желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу- әдеби кеші өтті. Кездесуге Тараз қалалық «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Хажимуратов Исмаил және бірлестік мүшелері Молдағұлова Раушан, Алтаев Бақыт, аудандық тарих –өлкетану музей директорының орынбасары Жүрсіналиева Айман Жексенбайқызы, «Жас Отан» жастар қанатының басшысы Баубеков Шерхан Қамбарбекұлы, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Абашев Серік Жанарұлы, Сарымолдаев округының жастар ісі маманы Сабеков Нұрғалым, мен бірлестік мүшелері Азат Көкен, Ағзамбек Айқынбаев және Меркі ауданының «Желтоқсан оқиғасы» ардагерлері қатысты.
Шараны мектеп директоры Алтынбаева Айгерім Аханқызы ашып, қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға екендігіне тоқталып, Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады!
Іс-шараның І бөлімінде 7 сыныптың сынып жетекшілері – Нурланкулова Жазира, Кемелова Айгүлдің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқып, хор орындап, «Желтоқсан ызғары» тақырыбында драмалық көрініс көрсетті.
ІІ бөлімінде «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Хажимуратов Исмаил өткен күнге шегініс жасап әңгіме бастағанда жиылған қауымның жүрегін шымырлатып, көзіне жас келтірді.
Мектебіміздің физика пәні мұғалімі – Жуанышева Эльмира желтоқсан оқиғасы кезінде студент екендігін, бірінші күні алаңға барып, милиция қызметкерлерінің жастарды адам айтқысыз айуандықпен қорлағанын езіле жеткізді. Киген сырт киімі (шубасы) фотоға түскенін, сол фото арқылы өзіне іздеу салынғандығы , бет-аузы үсіп, ауырып қалғаны туралы айтты. «Желтоқсан оқиғасы» ардагерлері 1986 жылғы 16-18 желтоқсанда алаңда болған оқиға жөнінде өз көргендерін айтып, бастан кешкен оқиғалары және естеліктерімен бөлісті, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Көрсетілген бейнематериалдан өздерін танып, көздеріне жас алды. Содан соң сөз алған аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Абашев Серік Жанарұлы енді мұндай зұлматтың болмауын тілеп, тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін бағалауға шақырды.Кездесу соңында естеліккекелген қонақтар оқушылармен суретке түсті.