09
ноябрь
2021
«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» айлығының ашылуы
Білім алушыларға қазіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай - ақ қоғамды жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу, әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту мақсатында №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» айлығының ашылу іс-шарасы өткізілді. "Жас қанат" сынып жетекшілер бірлестігінің мүшелері А.Алишева, К.Кошкимбаева, О.Какиева Қазақстандағы жалған діни ағымдар жұмысының ерекшеліктерін айтып, мысалға келтіре отырып, айтылатын ақпаратқа қырағы болудың және сын көзбен қараудың, ресми және беделді дереккөздерді пайдаланудың, үгітшілердің айла-амалдарына бой алдырмаудың қажеттігін түсіндірді. Білім алушылар қабырға газеттерін қорғап, өз Отанын, елін, жерін сүюге, жеке басының адамгершілік қасиеттерін сақтай білуге, сананы жаулайтын әртүрлі діни ағымдардан аулақ болуға шақырды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Айтбаева айлық аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырып өтті.