«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» айлығы » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» айлығы
08
декабрь
2018

«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» айлығы

Әлемде болып жатқан саяси жағдай, онда экстремистік топтардың жасап жатқан іс-әрекеттерін айыптап, талқылап, сол топтарда жастардың, оның ішінде кәмелет жасына толмаған балалардың ол топтарға көптеп тартылу себебін анықтау, жалпы қазіргі жағдайда жастардың діни сауаттылығын ашу, олардың жалған діни секталардың арбауы мен шырмауына түсіп қалмаудың алдын алу амалдарын жасау керектігін түсіндіру мақсатында 2018 жылдың 5-30 қараша аралығында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» атты айлық өткізілді.
7 қараша күні «Діни белгілер оқушылар киімінде» тақырыбында 9 «А» сыныбының оқушыларымен «Дінтану» пәні мұғалімі Н.Абишева пікірталас өткізді, сынып оқушылары діни белгілер (хиджап, орамал, ұзын етек көйлек, қысқа балақты шалбар) киген оқушылар туралы пікірлерін білдірді, «Мұны білуіңіз тиіс!» бөлімінде көптеген кеңестер айтылды. 8 сынып жетекшілері Г.Каскарауова, У.Сагидоллаева «Терроризм – угроза обществу, его истоки и последствия» атты дөңгелек үстелде оқушылар, «терроризм», «экстремизм» туралы түсінік беріп, ситуациялық сұрақтарға жауап алып, іс-шара соңында өтілген тақырып бойынша тесттік сұрақтар берілді.
«Діни экстремизм- опат болудың жолы» тақырыбында Ж. Сексенбаева, А.Артаева өткізген сынып сағатында «Абайлаңыз, секта!» жайында әңгіме қозғап, «Өз-өзіңе қол салу –ауыр күнә» тақырыбында «Суицид» жасаудың зардаптары, қажет дүние емес екендігі айтылды.
7 сыныптар арасында сынып жетекшілері Ж.Нурланкулова, А.Кемелова «Дін жайында не білеміз? лекция түрінде өткізді, «Менің елім-Қазақстан» видеоклипін көрсетіп, қандай бейбіт өмірде, еш қиыншылықсыз өмір сүргеніміз туралы айтылды. «Сириядағы қазақтар» видеоролигін көргенде оқушылардың көздеріне жас ұялады.Сондай-ақ, экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік берілді.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдері Б.Сагиев, Ө.Смаилов, Ғ.Шалданбаев «Шахмат», «Тоғызқұмалақ», «Дойбы» ойындарынан мектепішілік жарыс өткізілді.
1-4 сыныптар арасында «Діни экстремизм дегеніміз не?», «Что такое экстремизм?» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында оқушылар діни экстремизмнің не екендігі туралы ақпарат ала алды. Экстремизм - шеттеу,яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына беретіндігі, тәртіпті мойындамайтын,өзінің пікірімен ғана іс әрекет жасау дегенді білдіретіндігі, басқа біреуді көре алмау,түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығатындығы, дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайтындығы, әлемде түрлі қантөгістер мен төңкестір орын алынып жатқандығын түсінді.
Сынып жетекшілер секта дегеннің не екенін, дін іліміне қарсы бағыттағы діни ұйым түрі екендігін, секталар көбіне өздерін ортақ дін ілімі мен зайырлық қоғамда қалыптасқан тәртіпке,нормаларға қарсы қойып,өзіндік мәдениет қалыптастыруға тырысатындығы туралы айтып түсіндірді.

«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» айлығы
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» айлығы
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» айлығы
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» айлығы
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» айлығы
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» айлығы
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» айлығы
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» айлығы
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» айлығы
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» айлығы
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» айлығы
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» айлығы
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» айлығы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив