30
ноябрь
2021
«Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары» поэтикалық кеш
Мектептің тәрбие жоспарының рухани-адамгершілік бағыты және "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары» тақырыбында поэтикалық кеш болып өтті. Іс-шара барысында тұңғыш қазақ ұстазының туған елі мен халқы үшін жасаған ерен еңбегі мен қызметі жайында, Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық және қоғамдық қызметі, асыл мұралары мен өмірі туралы, оның айналасындағы достары мен ізбасарлары, ашқан мектептері туралы жан-жақты деректермен, мұрағаттан алынған құжаттар көшірмелерін көресете отырып, əдеби жетістіктері тек қана ақындықпен, жазушылықпен, аудармашылықпен шектеліп қоймағандығы, хаттары, экономикалық, саяси-əлеуметтік тақырыптарға жазған мақалалары, этнографиялық тақырыпқа жазған очерктері туралы бейнебаян көрсетіліп, терме айтылып, өлеңдері мен аудармаларын жатқа оқып, "Әке мен бала" әңгімесінен көрініс қойды. Сонымен қатар, көрермендермен еңбектерін талдап, сұрақтарға жауап беріп, "Кел, балалар, оқылық!" өлеңін хормен айтылды. Жауапты: мектеп кітапханашысы М.Қожайбаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Е.Оразбаев