30
декабрь
2021
«Абайдың әдеби-мемориалдық мұражай үйі» виртуалды тур
«Музей сабақтары» жобасы аясында және мектептің "Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу" бағыты бойынша 11"А" сынып білім алушылармен «Абайдың әдеби-мемориалдық мұражай үйі» виртуалды тур өткізілді. Білім алушылар Абай Құнанбайұлының өмірі мен ақындық жолына байланысты материалдар жинақталған мәдени мекемедегі 7 дербес тақырыптық залдарды "Абай және оның дәуірі», «Жайлау», «Үш қайнар бұлақ», «Абай шығармашылығы», «Абайдың ақындық өнер айналасы», «Абайтану», «Қазақ халқы ақын атын ардақтайды» Абай өміріне байланысты архивтік материалдар, түрлі құжаттар, қазақ халқының тұрмыстық-этнографиялық өмірін бейнелейтін заттар, қол өнері мен бейнелеу өнерінің туындылары, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың қолжазба мұралары, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптарды көріп танысты.«Сыйлықтар» залында Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен, шетелдерден келген сый-тартуларды көре алды. Бұл саяхат Абайды қайта оқып, ақынның тылсым сырын танып-білуге жол ашты.
Теги:
12345