01
декабрь
2021
"Ұлға әдептілік, батылдық..." коучинг
"Берекелі шаңырақ" жобасы аясында ұл балалардың адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, «әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейтіп сөздік қорларын молайту, әдептілік пен әдепсіздік туралы өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге үйрету, адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында "Серілер" ұлдар клуб мүшелерімен "Ұлға әдептілік, батылдық..." тақырыбында коучинг өткізілді. "Жүректен - жүрекке" тренингімен басталып, ұл балалар ситуациялық жағдаятты сұрақтарға жауап беріп, бейнефильм бойынша өз ойларын білдірді. "Әдептілік, батырлық" туралы мақалдарды жалғастырып, мағынасына түсінік берді, "Әдепті бала" постерін қорғады. Жауаптылар: әлеуметтік педагогтар - А.Ойшиева, А.Досалы