11
март
2019
«Көктем аруы-2019»
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында 8-10 сынып қыздары араында «Көктем аруы-2019» байқауында «Өнерлі өрге жүзер» әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер), «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою), «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар берілді, «Сәндік өнер» бөлімінде бір қыз баланың шашын сәндеді де қорғады, ұйымдастырылған кезеңдер арқылы сайыскерлер өз дарындарын жан-жақты көрсете алды. Қатысушылар сайыстың барлық кезеңдерінен сүрінбей өтті. Әрқайсысы қайталанбас, бірегей өнер көрсетті