11
апрель
2021
"Діни сауаттылық - заман талабы"
№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының тәрбие жоспарына сәйкес, жастар арасында жалған сенімдерге қарсы тұру, дәстүрлі дін жайында жалпы түсінік қалыптастырып, жүйелі білім алу және сенімсіз сайттардан білім алмау, жат ағымнан сақтау мақсатында "Діни сауаттылық - заман талабы" тақырыбында қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, кездесу өткізілді. Кездесуде Алматы қаласындағы "Нүр-Мүбәрак" университеті жанындағы "Діни экстремизмге қарсы күрес орталығының" директоры, дінтанушы, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі - Нүсіпханов Тимур Нүсіпханұлы жалпы «Экстремизм» сөзі латын тілінен аударғанда «extremus» кез – келген нәрседе шектен шығу, ал «Терроризм» сөзі «terror» қорқыту, үрей туғызу деген мағынаны білдіртіндігі, кереғар діни ағымның ықпалына түскен азаматтардың сөздерінде өзгерістер, есімдерін және киім үлгісін өзгерту, намаз оқу барысын өзгерту байқалады. Одан бөлек, мұндай азаматтар музыкадан бас тартып, мінезі де өзгеріп шығатындығына тоқталып өтсе, Жамбыл облысының дін істері басқармасының бас маманы -Қалмырзаев Асылхан Мұхитдинұлы Қазақстанда діни білім беру жүйесі бойынша Республика аумағындағы 6 облыста медресе, медресе – колледждер, қариларды дайындау орталықтары мен имамдардың біліктілігін жетілдіру орталықтары бар. Осы орайда, жастар арасында әлеуметтік желілер кеңінен таралғандықтан, мамандар дін істері комитеті сараптау комиссиясы мақұлдаған сайттарды қолдануға кеңес берді.