28
февраль
2022
«Өлеңі - өмірінің өрнегі» атты ақын Шырын Мамасериковамен кездесу
Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген ақын - Шырын Мамасерикованың өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру мақсатында «Өлеңі - өмірінің өрнегі» атты кездесу кеш өтті. «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» төс белгісінің, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері ,«Меркі ауданының Құрметті азаматы», ақын - Шырын Мамасериковамен арналған кеш шымылдығы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқумен басталып, шығармашылығы туралы бейнематериал көрсетіліп, ақын шығармаларына арналған кітап көрмесі таныстырылды. Сөз кезегін алған ақын сәулелі де шуақты өмірбаяны туралы әңгімелеп, өлең әлеміндегі өзіндік қолтаңбасы жөнінде естеліктерімен бөлісті, білім алушылардың қызықты сұрақтарына жауап берді. Көркемдік жетекші А.Аманқос "Майлықожаның термесін", Нұрбақыт пен Аяулым М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнін орындап, жылы лебізін білдірсе, мектеп-гимназиямыздың директоры Бексултанова Мадина Болатқызы ақынның "Ұстазға" өлеңін оқып, ақынға сыйлығын тапсырды. Кеш соңында ақын ризашылығын білдіріп, білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін рухани құрал - кітап екендігін жас жеткіншектерге түсіндіріп, өзінің Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арнап шығарған кітабын сыйлады.
Теги:
123