12
май
2022
"Мектеп кітапханасы жұмысындағы заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі"
📚"Мектеп кітапханасы жұмысындағы заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі"
📖Мектеп кітапханашыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру, заманауи оқырман талабына сай кітапхана қызметін тиімді ұйымдастыру және "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында заманауи әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында Меркі аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Мектеп кітапханасы жұмысындағы заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі" тақырыбында аудандық тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинарды №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының директоры М.Б.Бексултанова ашып семинарға қатысушыларға кешегі кітаптың бүгінгі ұрпаққа құнды тарих, ұлы шежіре болып мұраға қалған асыл қазына екенін ұғындырып, кітап оқуға қызығушылығын арттырудағы жұмысқа сәттілік тіледі, аудандық білім бөлімінің әдіскері - Г.А.Ізбасарова мектеп кітапханашыларының кәсіби білімін жетілдірудің және "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ұйымдастырылатын заманауи әдіс- тәсілдердің іс тәжірибесінің бағдарламасымен таныстырды.
📚Іс-шара "Жақсы көңіл-күй" көңілді тренингімен басталып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Айтбаева "Кітаптар ізімен" әдеби дилижанс ойынында "9 бриллиант", "Әдебиет лотосы" әдісін пайдаланса, кітапхана меңгерушісі С.Мауленкулова "BOOK BINGO" ойынын ойнатып, директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары Н.Касымова "Библиомарафон" өткізіп мектептегі өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестерімен пікір алмасты.
Теги:
123