13
ноябрь
2020
Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді.
Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі "Қашықтықтан окыту- заманауи білім беру жүйесінің болашағы" такырыбында семинар өткізді. Мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы педагогтардың білім деңгейін көтеру.Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер,технологиялар білім беру талаптарына байланысты әдістемелік бірлестік жетекшісі Жундибаева Айгерим, бастауыш сынып мұғалімі Бимбетова Жанна өз тәжірибелерімен бөлісті. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.