31
май
2022
“Тарихтан тағылым, өткенге тағзым” атты еске алу тарихи сағаты
Бүгін 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында
“Тарихтан тағылым, өткенге тағзым” атты еске алу тарихи сағаты өтті.
Халқымыздың тарихында мерейі тасыған мәртебелі дәуірлерімен қатар, «тар жол тайғақ кешкен» тақсыретті кезеңдердің де аз болмағаны ащы ақиқат.Іс-шарада Алаш қайраткерлерінің шығармалары, өлеңдері оқылды. Тарих қойнауындағы осы бір жылдардың көрінісі болды. Бұған негіз болған – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған “Анаға жазған хат” , "Алжир", "Жанталас" атты азапты жылдардан үзінді ретіндегі ұйымдастырылған қойылымы қуғын-сүргіннің көрінісі болған жиылған жұртты бір сәт өткенге шомылтты.
Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сияқты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялыларын еске алып, үнсіздік жарияланды.
Біздің халық қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта да есінен шығарған емес. Бұл - тарихтан тағылым алып, биік мақсат – «Жаңа Қазақстанға» бет алған ұлы халықтың ұлағатты ісі.
Жауапты: тарих пәні бірлестігі
Теги:
123