03
октябрь
2022
Иса Байзақовтың туғанына 122 жыл
📣Бүгін қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, композитор Иса Байзақовтың туғанына 122 жыл толып отыр.
⠀
📌Атаулы күнге орай көрнекті қазақ ақыны, импровизатор Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығынан қызықты дерек ұсынамыз.
⠀
✅Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылында туған.
⠀
✅Иса 9-ға шыққанда шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан ол «Домбырашы бала», «Әнші Иса» атанады.
⠀
✅Революцияға дейін байлардың қозысын бағады, қойын жаяды, шахтада жұмысшы болады.
⠀
✅Өлеңдері баспасөзде бірінші рет 1924 жылы жарияланған.
⠀
✅1926 жылы Қызылордада Қазақтың тұңғыш ұлттық театры ашылғанда Әміре Қашаубаев, Қалыбек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, тағы басқа актерлармен бірге жаңа театрдың негізін қалаушылардың бірі болды.
⠀
✅Қазақтың халық әндерін тұңғыш жинап бастырушы Александр Затаевич Иса Байзақовтың аузынан бірнеше халық әндері «Кәкен», «Бике», «Жар-жар», тағы басқаларын жазып алып, нотаға түсірген. Иса Байзақов орындайтын бірсыпыра халық әндері «Айман-Шолпан», «Ер Тарғын» операларының музыкасына енген.
⠀
✅Атақты «Гәкку» әні Иса Байзақовтың орындауымен ешбір өңдеусіз «Қыз Жібек» операсына көшті.