19
апрель
2022
«Ән мен сұлулық бәйгесінің тәжін қоса киген алаштың маңдайлы аруы» кеш
Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі, Қазақстанның Халық Қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына орай, «Ән мен сұлулық бәйгесінің тәжін қоса киген алаштың маңдайлы аруы» тақырыбында сыр сұхбат, естеліктер кеші ұйымдастырылып, өткізілді. Білім алушылар әсем даусымен күллі әлемді тамсандырып, 30-дан астам тілде ән салған ержүрек майдангер әнші, қазақтың мақтанышы Роза Бағланованың өмірбаяны, естеліктері, ерекшелігі туралы көріністер көрсетіп, әндерін шырқап, билер биледі. Ән мен сұлулық бәйгесінің тәжін қоса киген алаштың ай маңдайлы аруы, қазақтың әуезді әндерін, ұлттық киімі мен салт-дәстүрін өмір бойы серік еткен, жер шарындағы ең әдемі әйелдердің бірі, Ұлыбританияда өтетін жыл сайынғы «Әлемнің әйгілі әйелдері» атағын алған мега-жұлдыз болғандығы туралы жүргізушілер айтып, бейнеролик ұсынды. Қазақ өнерінің өрісін кеңейтіп, өлмейтұғын артына із қалдырған әншінің жүректен шыққан ғажап әндерін қатысушыларымыз әр түрлі импритацияда жеткізе білді.
Жауапты музыка пәні мұғалімі Г.Құралова
Жауапты музыка пәні мұғалімі Г.Құралова
Теги:
123