12 апрель 2022 0 1 2 3 4 5 Ғабит Мүсіреповтың "Ұлпан" романы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкесҒабит Мүсіреповтың "Ұлпан" романы бойынша 10"А" сынып білім алушысы Төлеман Диана буктрейлер дайындады.Ғабит Мүсірепов – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері. Әдебиеттегі ана бейнесін айшықтаған «Ұлпан» романы – заңғар жазушының кесек шығармаларының бірі.Ұлпан – сырлы мінез-құлқымен, тұлғалы бітімімен ерекшеленген бейне. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, рухани тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі романда асқан көркемдікпен суреттелген.Бұл көркем шығарма қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысын, әдет-ғұрпын толыққанды көрсете білуімен ерекшеленеді. Жер дауы, жесір дауы сынды ұлттық ерекшеліктеріміз кеңінен тарқатылады.Романның басты кейіпкерінің бірі Есеней – Керей-Уақтың билігін қолына ұстаған аузы дуалы би. Ол екі баласы бір күнде шешектен өліп, бір балаға зар болып жүргенде өзінен қырық жас кіші Ұлпанды әйелдікке алған. Ұлпан да ел ағасын жан жүрегімен жақсы көріп, саналы ғұмырын еріне арнайды.Бұл шығарма тарихтың өн байындағы ана бейнесін асқақтатып, оның қоғамдағы, тарихтағы, ұрпақ алдындағы орнын саралауымен дараланады. Теги: 123