26
ноябрь
2022
👨👩👧👪"Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі" тақырыбында ата-аналармен семинар- тренинг

👨👩👧👪Ұрпақ тәрбиесі - ешқашан салғырт қарауды көтермейтін, аса бір күрделі де маңызды іс.
Қазіргі заман отбасындағы бала тәрбиесі мәселесінің ерекшеліктерін жан-жақты талқылай отырып, мектеп пен отбасының ынтымақтастығы, бала денсаулығын нығайту бағытындағы жұмыстар және отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі маңыздылығын арттыру мақсатында Асанбай Асқаров атындағы атындағы ЖОББМГ "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі" тақырыбында ата-аналармен семинар- тренинг өткізілді.
Іс-шара мың бұралған бишілердің биімен басталып, жүргізуші директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнур Кумисбековна семинар- тренингтің жаңа форматта өткізілетінін хабарлап, іс-шараның сарапшыларымен таныстырды. Мектеп-гимназиямыздың директоры Мадина Болатқызы іс-шараны ашып, отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру баршамыздың басты міндетіміз екенін айта кетті.
Семинар - тренингте "Сипаттама","Геометриялық пішіндер" ,"Бес қадам" әдістері қолданылып, өзекті мәселе бойынша "Қара пима" көрінісі көрсетіліп, кибербуллинг, ата-ананың құқықтары бойынша ситуациялық жағдаяттарға жауап іздеп, "Встаньте, те кто ..." ұжымдық ойын ойнап, қатысушы ата-аналарға қызықты әрі қажетті бола алды. Іс-шара барысында әр ата-ана баламен тиімді қарым-қатынас әрекеттерімен бөлісіп, тәрбие әдістерін игеруге, баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге байланысты құнды пікірлерімен бөлісті.