14
май
2022
«Мектеп пен отбасының нәтижелі ынтымақтастығы-бала болашағының кепілі» тақырыбында облыстық ата-аналарға арналған семинар-кеңес өтті
«Мектеп пен отбасының нәтижелі ынтымақтастығы-бала болашағының кепілі» тақырыбында облыстық ата-аналарға арналған семинар-кеңес өтті
Әр ата-ананың бала тәрбиелеудегі мүмкіншілігін, қабілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен облыс көлемінде ата-аналарға арналған семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға Жамбыл облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің басшысы, облыстық Ата-аналар кеңесінің төрағасы – Нұрақбаев Ринат Даниярұлы, мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс – шараларды өткізетін облыстық орталықтың директоры - Ертуганова Балдай Туленовна, Тараз қалалық Ата-аналар кеңесінің төрайымы – Рысбаева Ғалия Орынбайқызы, «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» ҚБ төрайымы, ақын, психолог – Марал Хантөреқызы және әр ауданнан ата-аналар комитеттері қатысты.
Семинарды аудан әкімінің орынбасары Бегалиев Берік Дүйсебайұлы ашып, келген қонақтарға жылы лебізін білдірді.
Сондай-ақ, аудандық білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Аханқызы сөз кезегінде келген қонақтар мен семинарға қатысушыларға отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру баршамыздың басты міндетіміз екенін айта кетті.
Семинар-кеңес қатысушы ата-аналарға қызықты әрі қажетті бола алды. Іс-шара барысында әр ата-ана баламен тиімді қарым-қатынас әрекеттерімен бөлісіп, тәрбие әдістерін игеруге, баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге байланысты құнды пікірлерімен бөлісті.Семинарды қорытындылай келе, келген қонақтар баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына қажетті кеңестермен тәжірибе бөлісу мақсатындағы өткен осындай семинар-кеңестер облыс көлемінде, әр ауданда өткізілсе,- деген пікірмен ой түйіндеді.
4 нед.
Теги:
123