19
декабрь
2022
"Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат"

"Ұлттық құндылықтардың бастауы-тарих" онкүндігі аясында
2022 жылдың 14 желтоқсан күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, жас ұрпаққа қазақ халқының Тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі, мәңгілік елдің босағасын бекітер бүгінгі жас, аға ұрпақтың өткенінен тағылым алып, жастар өз тағдырларына өздері иелік ететін азаматтар болуы үшін, өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалардың ортасында болған аға - апаларының әңгіме - өнегесін, тарих беттеріндегі қалған парақтарды еске түсіру, түсіндіру мақсатында

атты кездесу өткізілді. Қара бастың қамын емес, қазағының арын ойлап Алматының орталық алаңында отаршылдыққа қарсы шыққан рухты жастар- "Желтоқсан-86" оқиғасына қатысқан, елі, жері үшін тартысқа түскен Жаналиева Ляйля, Жуанышева Эльмира, Абиров Рысбек , Айтбаева Гулсим Меркі ауданы "Жастар" ресурстық орталығының мамандары қатысып, оқиғаның қатысушылары, куәгерлері сол күні бастан кешкен, көзбен көрген уақиғаларды баяндап, ескіліктің еншісінде қалған естеліктерін жаңғыртып, ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет араласқан қаралы да қасіретті күнін еске алып, өткен күнге шегініс жасағанда кездесудегі оқушылар, мектеп ұжымының жүрегін шымырлатып, көзіне жас келтірді. Іс-шараға қатысушы білім алушылар сұрақ қойып -жауап алса, 6 "А" сынып оқушылары "Желтоқсан" поэтикалық сағатын ұсынды. Желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, Тәуелсіздіктің жетістіктеріне шолу жасалды, жастар арасында жоғарғы деңгейде іс-шараны ұйымдастырғаны үшін мектеп- гимназия ұжымын Жамбыл облыстық "Желтоқсан -86" қоғамдық бірлестігінің "Алғыс хатымен" марапаттады. Кездесу соңында естелікке фотога түсті