26
декабрь
2022
🎤🎙️🎤«Ән падишасы - Роза Бағланова» әдеби-сазды кеш

🎤🎙️Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі, Қазақстанның Халық Қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына орай, «Ән падишасы - Роза Бағланова» тақырыбында әдеби-сазды , естеліктер кеші ұйымдастырылып, өткізілді. Білім алушылар әсем даусымен күллі әлемді тамсандырып, 30-дан астам тілде ән салған ержүрек майдангер әнші, қазақтың мақтанышы Роза Бағланованың өмірбаяны, естеліктері, ерекшелігі туралы көріністер көрсетіп, әндерін шырқап, билер биледі. Ән мен сұлулық бәйгесінің тәжін қоса киген алаштың ай маңдайлы аруы, қазақтың әуезді әндерін, ұлттық киімі мен салт-дәстүрін өмір бойы серік еткен, жер шарындағы ең әдемі әйелдердің бірі, Ұлыбританияда өтетін жыл сайынғы «Әлемнің әйгілі әйелдері» атағын алған мега-жұлдыз болғандығы туралы жүргізушілер айтып, бейнеролик ұсынды. Қазақ өнерінің өрісін кеңейтіп, өлмейтұғын артына із қалдырған әншінің жүректен шыққан ғажап әндерін Бақытжан Іңкәр, Талғат Еңлік, "Той", "Сен сұлу", тарих пәні мұғалімі Дүйсебай Біржан Ғалмжанұлы "Айналайын", көркемдік жетекші Аманқос Амантай "Іңкәрім-ай", әндерін нақышына келтіріп орындаса, №2 саз мектебінің музыканты -Ұлжан Дүйсебайқызы "Асыл арман" әнін жүректерге жеткізе білді.
Жауапты: көркемдік жетекші А.Аманқос