"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз, патриот ер азаматтарды тәрбиелеу мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Жас шекарашы" бұрышының ашылу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында Меркі ауданы бойынша шекара басқарма бастығының орынбасары - тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы подполковник Тулеуов Серикбай Нургалиевич
шекара қызметі туралы таныстырылым жасап, шекара қызметін қалыптастырудағы кездесетін қиыншылықтарды жеңе отырып, мемлекетімізді зор абыроймен алдыңғы қатарлы мемлекеттің сапына көтеруде, ерлік пен табандылықты ұран етіп, туған жерімізге заңсыз өтпек ниеттегі шекара бұзушыларға мүмкіндік бермейтін тосқауыл қағидасын ұстанып, халықаралық терроризм, есірткі тасымалдау індеттерін елімізге аяқ басуына кедергі келтіру шараларын жүргізуде - "Жас шекарашы" бұрышының білім алушыларға әскери рух, патриотизм, Отансүйгіштік сезімді қалыптастырудың ең маңызды көрінісі екенін атап өтті.