Мектеп әкімшілігінің лауазымдық міндеттері » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп әкімшілігінің лауазымдық міндеттері
31
август
2023

Мектеп әкімшілігінің лауазымдық міндеттері




Жалпы орта білім беру  ұйымының басшысы М.Б.Бексултанованың  лауазымдық міндеттері


Ø  Оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. 

  • Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.
  •  Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.
  •  Педагогикалық кеңесті басқарады.
  • Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.
  • Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді.
  • Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.
  • Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді.
  • Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.
  • Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.
  • Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.
  • Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.
  • Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.
  • Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.
  • Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
  • Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
  • Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
  • Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.
  •  Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.
  • Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.
  • Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.
  •  Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.
  • Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.
  • Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.
  • Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
  •  Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

Ø   Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.

      Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді,педагогика мен психология негіздерін,мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды,еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

      бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және басқа да кәсіптік білімі, немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл, және басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл; оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша: сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілігінің болуы.


Орта білім беру ұйымдарының басшысының  оқу ісі жөніндегі орынбасары      Ш.А. Нурмуханбетованың  ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:


  • Оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады.
  • Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды.
  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша педагогтардың жұмысын, сондай-ақ қажетті құжаттарды әзірлеуді үйлестіреді.
  • Педагогтердің қысқа мерзімді жоспарын тексереді, басшылыққа бекітуге келіседі және ұсынады;
  • Білім беру процесінің сапасын және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады; ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады.
  • Білім беру үдерісіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.
  • Пәндер бойынша мектеп ішілік бақылауды ұйымдастырады және іске асырады, білімді шектеуді өткізеді, мектеп ішілік бақылаудың нәтижесі бойынша білім сапасын, бөлімді және тоқсанды суммативтивті бағалауды талдайды.
  • Пән бойынша білімді тематикалық бақылаумен қамтамасыз етеді.
  • Білім алушылардың оқу жүктемесін бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының, курстардың және жұмыс оқу жоспарының вариативті компонентінің сабақтарының кестесін жасайды.
  • Педагогикалық кадрларды іріктеуге қатысады.
  • Белгіленген есеп беру құжаттамасының сапалы және уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді.
  • Кері байланысты ұсына отырып педагогтердің сабағына қатысады және талдау жасайды.
  • Педагогикалық кеңестің тәртібі мен материалдарын әзірлейді.
  • Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
  • Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
  • Мектеп үйлестірушісі. 5-11 сыныптар бойынша оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау бойынша мектеп координаторы жұмысын жүргізеді.
  • Білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингтеу және тестілеу өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.
  • Жалпыға міндетті оқумен қамту іс-шараларын ұйымдастырады,басшылық жасайды.
  • Негізгі оқу пәндерінен білім алушылардың біліміне әкімшілік бақылау жұмыстарын жүзеге асырады..
  • Білім олқылықтарының орнын толтыру, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстыңжүйелі жүргізілуін қадағалайды.

Ø  Гимназиясыныптарында (5-11) тереңдетілген, кеңейтілген «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі» пәндерінің және  5-11 сыныптарда сабақтан тыс өтетін үйірме сабақтардың сапалы, жүйелі жүргізілуін қадағалайды, сабақ кестесі жасайды. 

  • 9- сынып оқушыларының қорытынды аттестаттау және білім жетістігін бағалау мониторингіне жауапты.
  • Оқушыларға берілетін үй тапсырмасының көлемін қадағалайды.
  • 5-11 сынып оқушыларының тосан сайын дәптерлерін талапқа сай болуын қадағалайды.
  • 5-11 сыныптар аралығында жазба жұмыстарын қортындылап,саралау жұмыстарын жүргізеді.
  • Педагогикалық қызметкерлердің тарификациясын жүргізеді.
  • Жұмыс табелін жүргізеді, каникул кездеріндегі мұғалімдердің жұмысын жоспарлайды,кезектегі демалыстың графигін жасайды.
  •  Ұлттық деректер қорына дұрыс мәліметтерді ұсынады.
  • Алфавиттік кітаптің сапалы жүргізілуін бақылайды.
  • Оқушылар қозғалысын қадағалайды.
  • 5-11 сынып оқушыларының жеке іс-қағаздарының жүргізілуін бақылауға алады;
  • Әкімшілік кеңес отырысына жауапты.
  • Мектептің  жылдық және айлық жоспарларын дайындайды, орындалуын қадағалайды.
  • Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілді сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі пәндерінің мемлекеттік бағдарламаға сай өтілуін қадағалайды.
  • Тіл туралы Заңның орындалуына жауап береді.
  • Ата-аналар мен мектеп арасындағы келісім шарт жұмысын жүргізеді.
  • ҚР Білім және ғылым министірнің 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрығмен бекітілген  «Бастауыш ,негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет  үлгілік қағидаларын бойынша жауапты.

Ø  «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру   қағидаларын бекіту туралы, яғни телнұсқаларын (дубликат) рәсімдеу, беру.

Ø  Мектеп директоры мен жоғары білім мекемелерінің бұйрықтары мен нұсқауларын мұғалімдерге жеткізу және орындалуына жауапты.

Ø  Мектеп бітіру оқушыларының жұмысқа орналасу жұмыстарын қадағалайды.

  • Еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды сақтайды.
  • Кезекші әкімшіліктің міндетін асханамен қоса  атқарады.
  • Фнкционалдық міндетінде қарастырылған жұмыс бағыттарын уақтылы, сапалы орындауға жауапты;
  • Педагогикалық этиканың нормалары мен мектептегі психологиялық ахуалды сақтайды


Білуге міндетті:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
  • педагогика және психология негіздерін,
  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,
  • менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін,
  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.


Орта білім беру ұйымдарының басшысының  оқу ісі жөніндегі орынбасары 

Ж.А. Айбекованың  ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

  • Оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады.
  • Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды.
  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша педагогтардың жұмысын, сондай-ақ қажетті құжаттарды әзірлеуді үйлестіреді.
  • Педагогтердің қысқа мерзімді жоспарын тексереді, басшылыққа бекітуге келіседі және ұсынады;
  • Білім беру процесінің сапасын және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады; ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады.
  • Білім беру үдерісіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.
  • Пәндер бойынша мектеп ішілік бақылауды ұйымдастырады және іске асырады, білімді шектеуді өткізеді, мектеп ішілік бақылаудың нәтижесі бойынша білім сапасын, бөлімді және тоқсанды суммативтивті бағалауды талдайды.
  • Пән бойынша білімді тематикалық бақылаумен қамтамасыз етеді.
  • Білім алушылардың оқу жүктемесін бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының, курстардың және жұмыс оқу жоспарының вариативті компонентінің сабақтарының кестесін жасайды.
  • Педагогикалық кадрларды іріктеуге қатысады.
  • Бастауыш сатыда оқу зертханалары мен кабинеттерді қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жабдықтауды жүзеге асырады.
  • Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
  • Белгіленген есеп беру құжаттамасының сапалы және уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді.
  • Кері байланысты ұсына отырып педагогтердің сабағына қатысады және талдау жасайды.
  • Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
  • Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
  • Мектеп үйлестірушісі. 2-4 сыныптар бойынша оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау бойынша мектеп координаторы жұмысын жүргізеді.
  • Бірінші сыныптарға оқушылар қабылдайды, іс-құжаттарының жинақталуына жауап береді;
  • Тоқсан сайын 1-4 сынып оқушыларының оқу техникаларын, жазу емлелерінің дұрыс сақталуына, бағдарламалық материалдың талапқа сай өтілуіне басшылық жасайды, диагностикалық көрсеткішін жинақтайды.

Ø  Бастауыш сынып кабинеттерін жабдықтау, тазалық сақтау жұмыстарына басшылық жасайды.

Ø  Бастауыш сатыда ашық сабақтар,педагогикалық тәжірибе алмасу,педагогикалық шеберлігін шыңдау үшін әдістемелік көмек және өзара көмекті ұйымдастырады, біліктілік  арттыруды жоспарлайды;

  • ҚР Білім және ғылым министірнің 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрығмен бекітілген  «Бастауыш ,негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары іске асыратын білім беру  ұйымдарына оқуға қабылдаудың» мемлекеттік қызмет  үлгілік қағидаларының іске асырылуына жауапты.

Ø  Мектепалды даярлық сыныптарының қызметін бақылайды;

Ø  1-4 сыныптар аралығында сынып журналын қадағалайды.

Ø  1-4 сынып оқушыларының жеке іс-қағаздарының жүргізілуін бақылауға алады;

Ø  1-4 сынып оқушыларының тоқсан сайын қозғалыс есебін жүргізеді.

Ø  1-4 сыныптар бойынша білім олқылықтарының орнын толтыру үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстың жүйелі жүргізілуін қадағалайды.

Ø  1-4 сынып білім алушылардың білім сапасына жүйелі түрде әкімшілік мониторинг жүргізеді.

Ø  Бастауыш сынып білім алушыларын мектепшілік, аудандық, облыстық, республикалық ғылыми жоба жарыстарына, интеллектуалды ойындарды ұйымдастырады және қатыстырады. 

  • 4- сыныптарда ББЖМ  дайындық жұмысын жүргізеді;
  • Бастауыш сынып мұғалімдерінің  халықаралық PISA, PIRLS, TIMSS зерттеулерінің тапсырмаларын әзірлету,  әдістемелік құрал дайындауына ықпал ету; 
  • Оқушы дәптерінің сапасына және берілетін үй тапсырмасының көлемін қадағалайды.

Ø  «Жол жүру ережелері» кірітірілген оқу бағдарламасының 1-4 сынып сағаттарының есебінен жүргізілуіне жауап береді.

Ø  «Өмір қауіпсіздік негіздері» кіріктірілген оқу бағдарламасын 1-4 сыныптарында дүниетану пәні аясында жүргізілуіне жауап береді.

  • «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасының орындалуына, инклюзивті білімге жауапты. 
  • 1-4 сыныптарда гимназия компонентінен берілген кеңейтілген пәндер мен элективті курстардың және сабақтан тыс өтетін үйірме сабақтардың сапалы, жүйелі жүргізілуін қадағалайды, сабақ кестесін мен жоспарын жасайды. 

Ø  Педагогикалық әдеп кеңесінің жұмысына жауапты.

Ø  Мектеп ұжымының толық арнайы медициналық тексеруден өткізілуіне жауап береді.

Ø  Мектеп мөлтек ауданындағы жалпыға міндетті оқумен қамту жұмыстарын жүргізеді.

  • Кезекші әкімшіліктің міндетін асханамен қоса  атқарады.
  • Фнкционалдық міндетінде қарастырылған жұмыс бағыттарын уақтылы, сапалы орындауға жауапты;
  • Педагогикалық этиканың нормалары мен мектептегі психологиялық ахуалды сақтайды   

Білуге міндетті:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
  • педагогика және психология негіздерін,
  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,



  • Орта білім беру ұйымдарының басшысының  оқу ісі жөніндегі орынбасары  А. Адильбекованың  ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:
  • Оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады.
  • Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды.
  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша педагогтардың жұмысын, сондай-ақ қажетті құжаттарды әзірлеуді үйлестіреді.
  • Педагогтердің қысқа мерзімді жоспарын тексереді, басшылыққа бекітуге келіседі және ұсынады;
  • Білім беру үдерісіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.
  • Пәндер бойынша мектеп ішілік бақылауды ұйымдастырады және іске асырады, білімді шектеуді өткізеді, мектеп ішілік бақылаудың нәтижесі бойынша білім сапасын, бөлімді және тоқсанды суммативтивті бағалауды талдайды.
  • Пән бойынша білімді тематикалық бақылаумен қамтамасыз етеді.
  • Білім алушылардың оқу сабақтарының, курстардың және жұмыс оқу жоспарының вариативті компонентінің тиісті деңгейде орындалуына жауап береді.
  • Білім алушылар мен педагогтардың олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады.
  • Білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері мен эксперименттік жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады,ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оны талдауды қамтамасыз етеді.
  • Педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды.
  • Педагогикалық кадрларды іріктеуге қатысады.
  • Тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санатын беру (растау) бойынша жұмысты ұйымдастырады.
  • Оқу зертханалары мен кабинеттерді қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жабдықтау, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру бойынша ұсыныс береді және жұмысты жалғастырады, баламалы оқулықтарды іске асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді алуға өтінімді ұйымдастырады, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстар, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру.
  • Кітапхана қорын қажетті әдебиеттермен толықтыруға жыл сайын өтінімді енгізеді.
  • Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
  • Белгіленген есеп беру құжаттамасының сапалы және уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді.
  • Кері байланысты ұсына отырып педагогтердің сабағына қатысады және талдау жасайды.
  • Оқу процесін жетілдіру бойынша тренингтер, оқыту семинарларын, оқу әдістемелік сағаттар өткізеді.
  • Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
  • Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
  • Гимназия сыныптарында тереңдетілген, кеңейтілген «Физика», «Химия», «Биология» пәндерінің сапалы оқытылуына жауапты;
  • Гимназия сыныптарында вариативтік компоненттен 5-11 сыныптар бойынша берілген «Зерек» оқушылардың ғылыми қоғамы мен «Кіші олимпиада мектебінің» жұмысын жүйелі жүргізеді және қадағалайды
  • Педагогикалық кадрларды кәсіби дамыту үшін инновациялық жобаларды жүзеге асыру;
  • Мұғалімдердің білім жетілдіру курстарына жіберу жұмыстарын қадағалайды.
  • Біліктілік курсынан өткен мұғалімдер өз іс-тәжірибесімен бөлісу жұмысын ұжымда  ұйымдастырады және олардың  оқу құралын шығаруына ықпал етеді.
  • Озат педагогикалық іс-тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату жұмыстарын жүргізеді;
  • Жас мамандармен жұмысты ұйымдастырады, оларға әдістемелік қолдау көрсетеді.
  • Әдістемелік кеңес жұмысын ұйымдастырады;
  • Мектепшілік дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырады;
  • Мектепшілік пән олимпидаларын өткізеді;
  • Оқушылардың халықаралық PISA, PIRLS, TIMSS зерттеулеріне дайындық жұмыстарын ұйымдастырады.
  • Педагогтердің сапалық құрамын жасайды.
  • Қазақстан Республикасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту,бастауыш,негізгі орта,жалпы орта, техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» жұмысты ұйымдастырады, құжаттарын дайындайды.
  • «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту» бойынша жұмысты ұйымдастырады.
  • Педагогтер арасында«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  Заңын орындауда сыбайлас тәуекелдерінің алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
  • Жаратылыстану-математикалық бағыттағы физика, химия,биология, география пәндері бойынша мемлекеттік оқу бағдарламасының орындалуын қадағалайды.
  • Білім беру қызметінің сапасын анықтауда мектептің күшті және әлсіз, мүмкіндіктері мен әлсіз жақтарын анықтауда SWOT талдауын жүргізіп, мұғалімдер арасында сауалнама жүргізеді. Мұғалімдердің кәсіптік рейтингісін шығарады.
  • Кезекші әкімшіліктің міндетін асханамен қоса  атқарады.
  • Фнкционалдық міндетінде қарастырылғанжұмыс бағыттарын уақтылы, сапалы орындауға жауапты
  • Педагогикалық этиканың нормалары мен мектептегі психологиялық ахуалды сақтайды 
  • Білуге міндетті:
  • ҚазақстанРеспубликасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,педагогика және психология негіздерін,мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін,еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.
  • Орта білім беру ұйымы басшысының  бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Н.Касымованың функционалдық міндеттері:
    • Оқушыларды бейінді оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді.
    • Бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларын әдістемелік-бағдарламалық қолдауды қамтамасыз етеді.
    • Жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру рейтингін жасайды.
    • Бейінді оқыту, әртүрлі деңгейлі бағдарламарды енгізу бойынша білім беру ұйымдарының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады.
    • Педагогтердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін алдыңғы қатарлы педагогикалық озық іс-тәжірибені тарату бойынша, оқушыларды диагностикалау жүйесін, бейінді оқыту шеңберінде оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мазмұнын әзірлеуде,
    • педагогтердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруға инновациялық технологияларды ұйымдастыру және сынау бойынша үйлестіреді.
    • Түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін, "мектеп-жоо", "мектеп-колледж-жоо", "колледж-жоо" үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу жоспарлары бойынша оқытуды, ғылымды зерделеуге кәсіби қабілеттілікті ашуды, әрі қарай білім алу бейінін таңдау мақсатында пәндерді терең меңгеру үшін түрлі циклдерді өзіндік таңдауды қамтамасыз етеді.
    • Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірігіп, кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді.
    • Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
    • Есептік құжаттамалардың белгіленген тәртіпте сапалы және уақытылы жасалуын, оның дұрыстығын және берілуін қамтамасыз етеді.
    • Гимназия сыныптарында тереңдетілген, кеңейтілген «Тарих», «Математика», «Информатика» пәндерінің сапалы оқытылуын қадағалайды.
    • Білім беру ұйымын ақпараттандыру процесін, оның ресурстық қамтамасыз етілуін,оқыту және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалануды іске асыруды ұйымдастырады.
    • басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланысты орнатады.
    • Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында әдістемелік, зерттеу,  тәжірибелік –эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды.
    • Оқу – материалдық базаларды сақтауды қамтамасыз ету және толықтыру,қызмет көрсету,жөндеу және оның есебі бойынша жұмысты ұйымдастырады.
    • Kundelik.kz бірыңғай электрондық  білім беру ресурсына басшылық жасайды.
    • Daryn онлайн платформаларында мұғалімдерге, оқушыларға цифрлық білім алуды ұйымдастырады.
    • Мектеп оқушыларының ақпараттық сауаттылығына жауап береді.
    • Педагог қызметкерлерге тақырып бойынша өз білімін жетілдіруге , инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеруге және жасауға көмек беру.
    • E-өтініш   порталымен жұмыс жүргізеді.
    • Es.iac.kz порталымен жұмыс жүргізеді.
    • Ұлттық деректер қорының сапалы толтырылуына жауап береді.
    • 1-11  сыныптарының электронды журналының  сапалы жүргізілуін тексереді.
    • Жаратылыстану бағытындағы математика, информатика және тарих пәндері бойынша мемлекеттік оқу бағдарламасының орындалуын қадағалайды.
    • Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттау мен ҰБТ –ге дайындықты арттыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады;
    • Оқушыларға берілетін үй тапсырмасының көлемін қадағалайды.
    • Мектептің сайтының жұмысын ұйымдастырады.
    • Enbek.kz порталына ваканцияларды жариялау және басқа да ақпараттық қызметті орындайды.

Ø  Мектептегі техникалық (компьютер,ноутбук, моноблок,планшет,модем, проектор, мультемедиялық тақталар) құралдардың сапалы жұмыс жасауына, сақталуына жауап береді.

Ø  Мектеп директоры мен жоғары білім мекемелерінің бұйрықтары мен нұсқауларын мұғалімдерге жеткізу және орындалуын тексеру.

  • Еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды сақтайды.
  • Кезекші әкімшіліктің міндетін асханамен қоса  атқарады.
  •  Есептік құжаттамалардың белгіленген тәртіпте сапалы және уақытылы жасалуын, оның дұрыстығын және берілуін қамтамасыз етеді.
  • Педагогикалық этиканың нормалары мен мектептегі психологиялық ахуалды сақтайды 

Білуге міндетті:

  •  Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, "Рухани жаңғыру", "Құндылықтарға негізделген білім беру" бағдарламаларын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру    стандартын, педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды,

еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен     нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.


   Орта білім беру ұйымы  басшысының   тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Айтбаеваның функционалдық міндеттері:


  •  Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
  • Тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады.
  • Аға тәлімгерлердің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтар мен қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады; тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша қажетті құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;
  •  өткізілетін тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады.
  • Педагогикалық кадрларды іріктеуге қатысады, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
  • Тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің қоғам және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамының өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді.
  • Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады.
  • Тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.
  • Білім алушылардың, педагогтардың конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді.
  • Кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді, есеп беру құжаттамасының сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді.
  •  "Құндылықтарға негізделген білім" -мектеп тұжырымдамасын әзірлейді. Мектеп ұжымының қатысуымен білім беруге бағалы әдіс енгізеді.
  • Ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумды ұйымдастырады және өткізеді. "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымы жұмысын ұйымдастырады. "Қоғамға қызмет ету", "Туған елге тағзым", "Үлкенге ізет", "Ата-анаға құрмет" атты қоғамға пайдалы жұмыстарды ұйымдастырады.
  • Рухани-адамгершілік біліммен қамтамасыз етді.
  •  Білім беру ұйымы түлектері қауымдастығы қызметін құру және қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді.
  • Педагогикалық еңбек ветеранымен ынтымақтастықта болады. Мектеп мұражайының жұмысын ұйымдастырады.
  •  Дебаттық қозғалысты дамытады.
  •  Туристік сапарлар мен саяхаттарды ұйымдастырады.
  •  Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалы отбасылардың қатысуымен енгізеді.
  • Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
  • Тәрбие үрдісіндегі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы және олардың жүзеге асырылуына, мектептегі тәрбие жұмыстарының қазіргі жағдайы мен алдағы мүмкіндіктеріне талдау жасайды.
  • Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс үйірме жұмыстары, басқа да тәрбие жұмыстарының сапасына жүйелі бақылау жүргізеді;
  • ҚР Мемлекеттік рәміздерінің талапқа сай насихаттауы бойынша іс-шараларын іске асыру.
  • Мектептегі «Берекелі шаңырақ» жобасы, «Балалар кітапханасы» жобасы бойынша мектеп кітапханашыларымен жұмысты ұйымдастырады, қадағалайды. 
  • Тәрбие үрдісінде қолданылатын құралдардың,құрылғылардың техникалық және көрнекілік заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
  • Қоғамдық-пайдалы еңбекке баулуды, реттейді.
  • Сыныптан тыс жұмыс  үйірмелер жұмысының сапасына жүйелі бақылау жасау.
  • Озат тәжірибелі сынып жетекшілері мен тәрбишілерді анықтайды,зерттейді, таратады;
  • Оқушылардың тәрбиелік деңгейін айқындайды,диагностикалайды;
  • Оқушылармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағдарламасын іске асырады.
  • Балалар бірлестігінің,өзін-өзі басқару жұмыстарын ұйымдастырады.
  • Мектепшілік  қыздар,ұлдар ұйымының жұмысын ұйымдастырып, басшылық жасайды.
  • Қамқоршылық кеңесінің,жалпыға міндетті оқумен қамту іс- шаралары «Мектепке жол» акциясының жұмысына басшылық жасайды.
  • Музыка, көркем еңбек, дене шынықтыру,  АӘД пәндерінің мемлекеттік оқу бағдарламаларының орындалуын қадағалайды.
  • Терроризм және діни экстремизмнің алдын-алу жұмыстарын жүргізеді.
  •  Террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуына жауапты.
  • Денсаулық мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырады.
  • Қыздармен жұмыс, сондай –ақ, ерте жүктіліктің алдын-алу жұмыстарын жүргізеді.
  • 1-4 сынып оқушыларының тегін ыстық тамақпен қамтылуына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына 10-қосымша «жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидатына   жауапты. 
  • «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы  лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне жауапты. 
  • «Жолда  жүру ережелері» кіріктірілген оқу бағдарламасының 5-8 сынып сағаттарының есебінен жүргізілуіне жауап береді.
  • Кезекші әкімшіліктің міндетін асханамен қоса  атқарады.
  • Фнкционалдық міндетінде қарастырылған жұмыс бағыттарын уақтылы, сапалы орындауға жауапты;
  • Педагогикалық этиканың нормалары мен мектептегі психологиялық ахуалды сақтайды


Білугеміндетті:

  • ҚазақстанРеспубликасының Конституциясын, ҚазақстанРеспубликасының ЕңбекКодексін, ҚазақстанРеспубликасының "Білімтуралы", "Педагог мәртебесітуралы", "Сыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылтуралы" Заңдарынжәнебілімберудідамытудыңбағыттары мен перспективаларынайқындайтынбасқа да нормативтікқұқықтықактілерді,педагогика және психология негіздерін,"Руханижаңғыру", "Құндылықтарғанегізделгенбілім беру" бағдарламаларыніскеасыружағдайындатәрбиеніңтұжырымдамалықнегіздерін,мемлекеттікжалпығаміндеттібілім беру стандарттарын,педагогикалықғылым мен практиканыңжетістіктерін,экономика, қаржы-шаруашылыққызметнегіздерін,еңбектіқорғау, техника қауіпсіздігіжәнеөрткеқарсықорғауережелері мен нормаларды.



МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ   ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ А.А.ТАУКЕБАЕВАНЫІФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:


Ø  ҚР «Білім туралы» Заңы, ҚР «Білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын», «Педагог мәртебесі туралы, «ҚР Баланың құқықтары туралы», «ҚР Баланың құқықтары  туралы, «ҚР мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» т.б. Заңдарды басшылыққа алады.

  • Оқу мекемесіндегі құқықтық – тәрбие жұмыстарын жоспарлайды.
  • Жұртшылық және құқық қорғау органдары, ата-аналар, білім беру ұйымының  ата-аналар комитеті өкілдерімен тәрбиелеу процесін қамтамасыз ететін оқу орнының әкімшілігі,қызметтері мен бөлімшелері өкілдерінің өзара іс-қимыл үйлестіреді.
  • Оқу мекемесінде педагогикалық ұжыммен,ата-аналармен және мектеп оқушыларына құқықтық оқудың жүргізілуіне басшылық жасайды.
  • Мектепте есепте тұрған оқушылардың, қолайсыз отбасы балаларының бос уақыттарын тиімді пайдалануына,басқа да құқықтық тәрбие жұмыстарының сапасына жүйелі бақылау жүргізеді:
  • Әкімшіліктегі, қызметтегі және оқу үрдісіндегі қызметшілердің, қоғамдық және құқық қорғау органдарының,ата-аналар кеңесінің өзара қарым-қатынасын бақылайды.
  • Сынып жетекшілерінің құқықтық тәрбие жұмысын қадағалайды, талдайды;
  • Тәрбиелік іс-шараларға,сынып сағаттарына қатысады.
  • Зорлық-зомбылықтың, буллинг, кибербуллинг, интернет қауіпсіздігінің алдын-алу жұмыстарын жүргізеді, бақылайды.
  • Жас жасақшы жұмыстарын ұйымдастыру, бақылау.
  • Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу   жұмыстарының жүргізілуіне басшылық жасайды.
  • Құқықтық кеңес отырысын жүргізеді.
  • Адам саудасына байланысты алдын-алу және оған қарсы күрес жұмыстарын  жүргізеді.
  • Нашақорлыққа қарсы бағытындағы жұмыс.
  • Кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін ұйымдармен байланысты жұмыстарды ұйымдастырады;
  • 1-11 сынып оқушыларының құқықтық тәртібіне жауап береді.
  • Есептегі оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп күнделікті мәлімет береді. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалауда ұстайды.
  • «Тәртібі қиын» және девиантты мінез-құлықты оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды басшылыққа алады.
  • Кәмелетке толмағандардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын әлеуметтік қорғау ісіне басшылық жасайды.
  • Қолайсыз отбасы балаларымен жұмыстарды ұйымдастырады.
  • АІІ-нің КТІЖИ инспекторымен бірлескен жұмысты жүргізеді,атқарады.
  • Мобильді топпен бірлескен жұмысты жүргізеді.
  • Күндізгі,түнгі рейд жұмыстарын жүргізеді (белгіленген күндері).
  • Сенім телефоны және сенім жәшігінің жұмысына басшылық жасайды.

Ø  «Өмір қауіпсіздік негіздері» кіріктірілген оқу бағдарламасын 5-10 сыныптарында дене шынықтыру және АӘД пәндері аясында жүргізлуіне жауап береді.

  • Білімалушылардың өртке қарсы, суға шомылу уақытында түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып қауіпсіздігіне жауап береді.
  • Мектеп директоры мен жоғары білім мекемелерінің бұйрықтары мен нұсқауларын мұғалімдерге жеткізу және орындалуын тексеру.
  • Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың , білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған аудандық құзырлы органдармен өзара іс-қимыл жоспарын жүзеге асырады.
  • Балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне ден қою алгоритмі (бұдан әрі - Алгоритм) балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне жедел ведомствоаралық ден қоюды және зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға, сондай-ақ олар тұратын отбасыларға уақтылы кешенді көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді.
  • 2020-2023 жылдарға арналған балалар құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицид мәселелерін шешу жөніндегі жол картасының орындайды және қадағалайды.

«Жас жасақшылар»ұйымның жұмысын басқарады.

  • Еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды сақтайды.
  • Фнкционалдық міндетінде қарастырылған жұмыс бағыттарын уақтылы, сапалы орындауға жауапты;
  • Педагогикалық этиканың нормалары мен мектептегі психологиялық ахуалды сақтайды.






Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив