Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жиналысының №2 ХАТТАМАСЫ » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жиналысының №2 ХАТТАМАСЫ
20
ноябрь
2024

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жиналысының №2 ХАТТАМАСЫ

Сарымолдаев ауылы                                                                                   «20» қараша  2024жыл  

          Қатысқандар: 92 мұғалім 

          Қатыспағаны: 0


Күн тәртібінде:



1. Жеке фотосуреттер мен бейнелерді көпшілік алдында жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау.

2.Педагогикалық әдеп және педагогикалық тактика.

3.Педагогикалық  әдеп және сөйлеу мәдениеті


Тыңдалды:

            Бірінші мәселе бойынша әдеп кеңесінің төрайымы М. Бекжанова сөз алды. Құрметті әріптестер, педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293-VІ ҚРЗ-ның 5 бабында көрсетілген педагогтік әдеп заңдылық, адалдық, жауапкершілік және жеке адамның ар-намысымен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаларына негізделгендігі  баршаңызға мәлім. Көп ретте педагогтердің әлеуметтік желіде жеке фото суреттерімен бейнелерді көпшілік алдында жариялауды (ватцап желілерінде, инстаграмм ттт.б.)этикалық нормаларды сақтауға дұрыс жолға қойылуы тиіс. Тойлардағы түрлі қылықтағы билер, түрлі дау-дамайларды жариялауға жол берілмейтіндігін назарда ұстаған жөн,- деп айтып өтті. 

2. Екінші мәселе бойынша кеңес мүшесі Н. Игенбек сөз алды. Педагогтың кәсіптік қызметі және оны жүзеге асыру кезіндегі   құқықтары, педагогикалық тактиканы ұтымды пайдалануы тиіс. Жоғарыда аталған  заңның 7 бабында  «Лауазымды адамдар және басқа да тұлғалар тарапынан заңсыз араласудан  және кедергі  келтіруден қорғану» білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе   өзге де заңды өкілдері тарапынан кәсібіне  құрметпен қарауына және тиісінше мінез-құлық көрсетуіне!» делінген. Әрбір   педагогиканы оқыған ұстаз балаға дұрыс қарым-қатынас жасай білуі  және   басқалармен сөйлесу барысындда педагогикалық әдеп нормаларын сақтауы тиіс- деп айтып өтті. 

(Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж. Нұрланқұлова сөз алды.  Құрметті педагогикалық әдеп кеңесінің  мүшелері, жоғарыда қаралған мәселелер бойынша  мектептің  педагогтерінің  арасында   түсіндіру  жұмыстары  жүргізіліп отырады. Осы заң  аясында   педагог мәртебесі, түйіні шешілмеген, көптеген мәселелерге  қол жеткізілді деп айтып өтті.

            Сөйлеу мәдениетін игеру – болашақ педагог мамандардың  кәсіби құзіреттілігі. Бұл жерде тілдік қатынас өзара пікір алысу, түсінісу, сөйлесу деген  ұғымдардан гөрі тереңірек  тілдік қатынас үстіндегі әдеп нормаларының ауызша және жазбаша формаларын меңгеру, дұрыс қатынас жасауға  қол жеткізетін тілдік  құралдарды тиімді пайдалана білу мағынасын қамтиды. Осындай  құзіреттілікті  меңгерту- болашақ педагог- мамандардың  кәсіби шеберлігінің сипаттамасы. Егер педагог өзі тәрбиелейтін адамдар алдындағы жауапкершілікті сезініп, өзін-өзі дамытуға  және өзін-өзі  тәрбиелеуге   ұмтылатын болса, өз жұмысына шығармашылықпен қарайтын болса ғана, біз тәрбиелеп отырған балалар қызығушылық танытады, сонда  олар да ұстаздарын құрметтеп есте сақтап, бағалап құрметтеуге ұмтылады деп өз сөзін қорытындылады. 



Шешімі:

  1. Жеке фотосуреттер мен бейнелерді көпшілік алдында жариялау кезінде этикалық  нормаларды сақтау назарға алынсын.
  2. Педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениетіне баса назар аударылсын. 


Кеңес төрайымы:                                         М.Ш. Бекжанова 

                             Хатшысы:                                                     А. Алишева  

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив