Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жиналысының №3 ХАТТАМАСЫ » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жиналысының №3 ХАТТАМАСЫ
26
март
2025

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жиналысының №3 ХАТТАМАСЫ

Сарымолдаев ауылы                                                                                   «14» наурыз  2025жыл  

          Қатысқандар: 102 мұғалім 

          Қатыспағаны: 0


Күн тәртібінде:



1. Педагогтердің  құқықтары.

2. Педагогтердің көпшілік ортадағы әдеп-этикалық нормалары

3. Мектептегі педагогикалық әдепті қамтамсыз ету және сақтау


1.Тыңдалды: Педагогикалық әдеп кеңесінің төрайымы М. Бекжанова

«Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293-VI Қазақстан  Республикасының Заңында көрсетілген құқықтары туралы айтып өтті. 7,8,9-баптарындағы педагог құқықтары туралы түсіндіріп берді.

7-бап. Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары

8-бап. Педагогтің материалдық қамтамасыз   етуге құқығы

9-бап. Педагогтің көтермелеуге құқығы

2. Кеңес мүшесі Н. Игенбек

         Педагог тек мұғалім, тренер, тәрбиеші ғана емес, сонымен қатар халық ағартушысы, мәдени құндылықтардың сақтаушысы, лайықты білімді адам. Педагог қоғамдастықтың барлық салаларында өзара әрекеттесудің дұрыс қалыптасуына үлес қосуға тырысады. Педагог жеке өмірде ғана емес, қоғамдық өмірде де жанжалдан, керісуден, аулақ болады. Ол проблемаларды, келіспеушіліктерді болжауға және шешуге бәрінен гөрі дайын және ол оларды шешудің жолдарын табады. Педагог өзінің азаматтық борышын, әлеуметтік рөлін жақсы түсінеді және орындайды, ерекшеленуден аулақ болады, сонымен бірге ол кез-келген таныс емес ортаға түсіп, онымен қосыла кетуден аулақ болу тиіс.

3.Тыңдалды: Кеңес мүшесі, Ж. Нурланкулова 

Мектептегі педагогикалық әдепті  қамтамасыз ету және сақтау бойынша құрылған Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының   «Білім туралы», «Мұғалімнің   мәртебесі туралы»  заңдарына, осы Ережеге, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және объективтілік пен әділеттілік, этика, қоғамдық пікір мен ашықтықты ескеруі тиіс. Жеке және заңды тұлғалар мұғалімдердің педагогикалық этиканы сақтауына қатысты білім беру ұйымының Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесіне жүгіне алады.

      Педагогикалық әдеп нормаларын сақтау мәселесін қарастыру кезінде мұғалімнің құқықтары қарастырылып отырған мәселе туралы жазбаша ақпарат алу; қарастырылып отырған мәселе бойынша барлық  материалдармен танысу; өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдерімен жеке өзі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өкіл арқылы қорғау; жазбаша шешім алу; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданған   шешімге шағымдану құқықтарына ие.



Шешімі: 

  1. Педагогтардың көпшілік ортадағы әдеп –этикалық нормалары қатаң сақталсын .
  2. Мектептегі педагогикалық әдепті қамтамасыз ету  және сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.


            



Кеңес төрайымы:                                         М.Бекжанова

 Хатшы:                                                           А. Алишева

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив