18
август
2021
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАЙЫҚ!
№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының қызметкерлері мен келушілердің қауіпсіздігі үшін санитарлық талаптарға сай мектебімізді Ashyq жобасына тіркеп ғимарат кіреберісіне QR—код ілінді.
Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, оқушылардың ата-аналарына арнайы әзірленген кестеге сай оқулықтар таратылуда. Оқулықтарды алуға келген ата-аналар "Ashyq" мобильді қосымшасын сканерлеу арқылы мекемеге кіргізілуде.
Мекеменің QR-кодын сканерлегеннен кейін келген адамның статусы түрлі-түсті форматта көрсетіледі.
🔴 "Қызыл" статус – адам вирус жұқтырды деген сөз. Мұндай статустағы адамдарға мекемеге кіруге тыйым салынған;
🌕 "Сары" статус – келушінің ауру жұқтырғандармен байланыста болғанын білдіреді;
🔵 "Көк" түс шықса, ПТР-тест міндетті саналатын орындарды қоспағанда, жүріп-тұруға ешқандай шектеу жоқ деген сөз;
♻️ "Жасыл" түс ПТР-тест тапсырып, нәтижесі теріс шыққан адамдар үшін жанады;
"Қызыл" немесе "сары" статус шыққан келушілер мекемеге кіргізілмейді.