"Білім алу арқылы денсаулық: дене шынықтыру мен спорттың əлеуеті" семинары
2019 жылдың 19 желтоқсан күні 1 жалпы білім беретін мектебінде Меркі ауданы əкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Білім алу арқылы денсаулық: дене шынықтыру мен спорттың əлеуеті" тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді. Семинарды мектеп директоры А.Алтынбаева ашып, бағдарламамен таныстырды. Семинарға ауданның 36 мектебінен келген дене шынықтыру пəні мұғалімдері Қ.Омаровтың " Білім беру мазмұнын жаңарту аясында дене шынықтыру пəні мұғалімдерінің құзыреттілігін арттыру" тақырыбында баяндамасын талқылап, Б.Сагиевтың "Қазақтың ұлттық ойындары", Ж.Абашевтың "Совершенствования навыков решения проблем в спортивных играх" атты ашық сабақтарына қатысты. Семинар соңы Меркі аудандық білім бөлімінің əдіскері-А.Иманжанов кері байланыс жүргізіп, жетістікке жеткен дене шынықтыру пəні мұғалімдерін марапаттаумен аяқталды.