18
март
2019
«Әкем, шешем және мен»
Еліміз тәуелсіздік алып, болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына қосылды. Отан отбасынан басталады демекші, отбасы ұғымының аясы кең. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетелеген, бойында имандылық сана-сезім қалыптасқан мәдениетті, дені сау азамат пен азаматшалар өсіру отбасының борышы екені баршаға мәлім.
Отбасындағы ана мен әкенің сыйластығы, олардың балаларына деген махаббаты мен тәлім тәрбиенің бастауы, қоғамға деген көзқарасы асыл құндылықтардың бірі болып саналады.Осы орайда отбасылық спорттық сайыс ұйымдастырып, өткізу мектеп пен ата-ананың арасындағы өзара түсіністікті қалыптастырып, оларды одан сайын жақындастыра түседі.
Отбасылар сайысы еліміздегі жанұялардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор спорттық ойын. Мектепішілік “Әкем, анам, мен–бақытты отбасы” атты спорттық отбасылар сайысы өтті. Сайысқа үш топ қатысты. Спорттық шара алты кезеңнен тұрды. Әрбір кезеңге әділ бағасын беріп отыруға дене шынықтыру пәні мұғалімі Рахметов Жайлау Диханұлы, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – айтбаева Айнур Кумисбековна әділқазылар алқасы болып сайланды. Алғашқы кезеңде командалар өздерінің эмблемасымен және ұранымен таныстырып өтті.
Сонымен қатар “Ойыншық тасу”, “Кедергілерден өту”, “Кім жылдам?”, “Секіргішпен секіру”, “Арқан тарту”, “Мықты әке” турлары тартымды да қызықты өтті. Спорт жанкүйерлері де әрбір тур бойынша қошеметтерін аямай қол соғып, демеу болып отырды.