28
декабрь
2021
«Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілік
1 сынып білім алушыларының білім әлемінің бастауы болған «Әліппеден» үйренгенін тиянақтау, тіл байлығының молайып, саналарының өскендерін , шығармашылық мүмкіндіктерін ашу арқылы Отанын , мектебін , ұстаздарын , ата - аналарын құрметтеуге бағытталған «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілік, бүлдіршіндердің "Болашаққа жол ашқан , ол - сүйікті Әліппе!» атты жыр - шашуларын мәнерлеп жатқа айтуларымен басталды. Ортамызға қайта оралған Әліппенің : білім әлемінің баға жетпес байлығы , алтын кілті болғандығы туралы айта келе , Әліппені терең меңгеріп, әріптер әлемінің қыр - сырларын меңгергені жайында , еліміздің тұтқасын ұстар азаматы ретінде танылуға бағыт алғанын өз білімдері арқылы көрсете білді. Ертеңгілік аясында «Ардақты, ұстазым» әні , «Жаяу», "Шашу", "Өзбек" билері «Рақмет, саған Әліппе!», "Мен, қазақпын!" әндерін хормен сәтті айтып шықты. Ортада "Әліппемен" қоштасып, ақыл мен ойдың кені - "Ана тілі" оқулығы шығып, білім әлемінің бастауы - Әліппеден оқып - білгендерін ары қарай дамытуға бағыт берді. Ертеңгілік соңында мектеп-гимназиямыздың директоры Бексултанова Мадина Болатқызы 1 сынып білім алушыларын да, ата-аналарды да құттықтап, бәсекеге қабілетті шәкірт ретінде танылып , Ана тілі оқулығынан алатын білімдерінен шабыт алып , Білім баспалдағына өрлеген сапарларының сәтті болуын тіледі.
Сынып жетекшісі Р.Құрманалиева
Теги:
12345