21
июнь
2019
«Бастауышым-балбұлағым»
Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу, бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу, білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру мақсатында «Бастауышым-балбұлағым» атты бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігі болып өтті. Бастауыштағы 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балалар, өздерінің білімдерін, әндерін, билерін ұсынды. 4 «А» сынып жетекшісі – Узбекова Ляззат, 4 «Б» сынып жетекшісі – Бимбетова Жанна, 4 «В» сынып жетекшісі – Такимжанова Раушан, 4 «Г» сынып жетекшісі – Клмова Наталья Николаевна ертеңгілік соңында жылы тілектерін білдіріп, орта буындағы сынып жетекшілері – Сахова Жулдыз, Сагдуллаева Умида, Артаева Айгульге салтанатты түрде оқушыларды табыстады.