«Әр отбасы – бір әлем» ата-аналармен семинар-тренинг
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы «Әр отбасы – бір әлем» тақырыбында ата-аналармен семинар-тренинг өткендігі туралы ақпарат
Өткізілген мерзімі:26.10.2022ж.
Қамтылғандар саны:26
«Берекелі шаңырақ» жобасы аясында бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында 2022 жылдың 26 қазан күні жайсыз отбасылардың ата-аналарымен «Әр отбасы – бір әлем» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті.
Тренинг: шаттық шеңбері «Жылу сыйла», «Балалық шаққа оралу», жағдаяттар
«Отбасы-тәрбиенің ұясы» Ата-аналармен ойын ойналды.
Ортаға әкелерге, аналарға бөлек топқа жинақталып, ойландырар сұрақтар, ойындар өткізіліп, сынып жетекші ұлтымыздың қанындағы ізеттілік-дөрекілікке, қайырымдылық-қатыгездікке, жомарттық-тоғышарлыққа ауыспасын деген тілекпен, өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салуға шақырды.