"Әжемнің ертегілері" бейнетүсірілім
"Әжемнің ертегілері" бейнетүсірілімі өткендігі туралы
мәлімет
Өткізілген мерзімі: 18.11.2022ж.
Қамтылғандар саны:11
"Берекелі шаңырақ" жобасы аясында бала тәрбиесіндегі әже мен ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ата - анаға деген бала махаббатын ояту, мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту, отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, татулық, мейірімділікті, инабаттылық пен адамгершілікті ұлғайтуға тәрбиелеу мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Әжемнің ертегілері" бейнетүсірілімі болып өтті. Әжелер өз немерелеріне ертегі оқыды. Әженің ертегілері арқылы бала қазіргі заманда ғаламтор жайлаған зиянды әдеттерден аулақ болуға, жастайынан кітап оқуға деген қызығушылықтарын артады, сондай-ақ "Ертегі тыңдап өспеген бала рухани мүгедек адам"деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай балаларды ұлттық құндылықтарымызды, әдет-ғұрыптарымызды сақтап, рухани құндылығын жоғалтпай, нағыз патриот етіп тәрбиеленеді.