«Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі» » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі»
06
октябрь
2023

«Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі»

Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі» атты ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста директордың тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары Айнур Кумисбековна Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген, ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №534 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен ұсыныстар негізінде 2023-2024 оқу жылында мектеп оқушыларының міндетті мектеп формасымен таныстырып өтті Мектеп формасын сақтамаған оқушылар бар болған жағдайда олардың ата-анасына немесе заңды өкіліне Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 409-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалатындығы жайлы жазбаша хабарланатыны жайында айтып өтті. Мектеп әкімшілігі тарапынан мектеп формасын сақтамаған оқушылардың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғау үшін Департаментке жазбаша жолданатыны жайында, мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтынын түсіндірді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша балалардың қатысуымен болатын жол қозғалысы оқиғаларының ең негізгі себептеріне және жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандықтан туындайтынын, күннің ең қауіпті уақыты – таңертеңгі және түстен кейінгі кез. Қай кезде болмасын, бастауыш және түстен кейін 5-6 сыныптарда оқитын балалардың ата-аналары жолдан өткенде балаларға абай болып, мектепке жеткізіп, алып кеткенде мұқият болуға, мектепке гидроскутер, мопед т.б. электронды көліктермен келмеулерін, кәмелетке толмаған балаларға рұқсат жоқ екенін және оған хаттама толтырылып, айыппұл салынатынын ескертті. Сондықтан, барлығымыз тәртіпке бағынып, балаларымызға дұрыс бағыт-бағдар беру керектігін еске салды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив