03
январь
2024
«Қыз намысы – ұлт намысы» әжелермен кездесу
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында қысқы демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақытын ұйымдастыру бойынша өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес, қыз бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлері негізінде жүргізу, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері туралы кең көлемде мағлұмат беру, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру, әжелердің өнегелі өмірін үлгі ете отырып, балаларды өмірге үйрету, қазақтың ұлттық салт-дәстүріне баулу, туған жерін, елін, шаңырағын ардақтайтын тәрбиелі ұрпақ, төзімді тұлға, қайратты жан болуға, әсіресе, бұрымды қыздарымызды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу мақсатында «Қыз намысы – ұлт намысы» әжелермен кездесу өткізілді. Әжелер қазақ халқының қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгендігін, "Қызды қырық үйден тию" деген ұғымды тереңірек түсіндірді. Қыз балалармен инабаттылық пен ізгілік туралы, мейірімділік пен кішіпейілділік туралы әңгімелесті. Кездесу кешінде әжелеріміз ақыл-кеңестерін айтып, сұрақтарға жауап беріп, ән шырқап, өсиет-өнегелерін айтып, "Қырқынан шығару", "Бесікке салу" дәстүрін көрсетіп түсіндірді.
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие