08
декабрь
2018
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» бірыңғай сынып сағаттары
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының IV бағытында сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатынын атап өткен. Осыған орай 2018 жылдға арналған кешенді жоспарға сәйкес, 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, №1 жалпы білім беретін мектепте 4 желтоқсан күні 9-11 сыныптар аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты бірыңғай сынып сағаттары болып өтті.
Оқушының жақсы баға алу үшін ұстазына ұсынған ақшасы – пара, байқауда жеңіске жету үшін ұсынылған ақша, сыйлық – пара, заңсыз медициналық анықтама алу үшін ұсынылған сыйлық- пара саналатыны, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы бойынша пара беруші де, алушы да қылмыс бұзған болып саналатындығы, Заң талаптарына сәйкес жазалануы, 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойғандығы, Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдағандығы туралы мәселелер сөз болды. 9-11 сынып жетекшілері Ж.Сексенбаева, Э.Айдаралиева, А.Артаева, И.Арыстанбекова оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңнамаларды өмірде қолдана білу бойынша түсінік беріп, оқушылардың жемқорлыққа деген көзқарастарын білу мақсатында постерлер қорғалы, ситуациялық жағдаяттар берілді және таза және адал еңбек етуге шақырды.