Кәсіби бағдар жұмыс жоспарына сәйкес Меркі №9 колледжге экскурсия ұйымдастырылды
2022 жылдың 30 қараша күні А.Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес Меркі №9 колледжге экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға кәсіби бағдар беруші педагог А.Коканбаева, сынып жетекшілері А.Тілегенова, А.Меркібай және де 9 «Б», 9 «В», 9 «Г» сынып оқушылары қамтылды. Экскурсияның мақсаты: мамандыққа баулу, болашақта мамандықты дұрыс таңдауға көмек көрсету.
Меркі №9 колледжінің есептеу техникасы және ақпараттық желілер мамандығының өндірістік оқыту маманы Қиялбекова Нуржанат Нуркелдиевна, тоқарлық іс мамандығының өндірістік оқыту маманы Абдельдинов Самат Ержанович оқушыларды колледждің мамандық түрлерімен таныстырды.
06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер түрлері бойынша
07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру
10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»
07150500 «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша)
07130100 Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)
06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) осындай мамандық түрлері бізде бар. Оқуға құжат қабылдау тамыз айынан басталады. Сонымен қатар колледж грандқа түскен білімгерлерге 20 мың үстемақы төлейтінін, бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілетінгідін айтып өтті, көпбалалы отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған. Әр бір мамандықпен оқушылар жеке – жеке кіріп танысып шықты, оқушылар ойындағы сұрақтарын қойып, оған нақты жауап алды.