2023 жылдың 11 желтоқсан күні 11 сынып білім алушылардың ата – аналарымен «Мамандық таңдауда ата – ананың ықпалы қандай? тақырыпта әңгіме кеңес өткізілді.
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 2023 жылдың 11 желтоқсан күні 11 сынып білім алушылардың ата – аналарымен «Мамандық таңдауда ата – ананың ықпалы қандай? тақырыпта әңгіме кеңес өткізілді.
Максаты: білім алушылар мен ата-аналарға білім алушылардың мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтау керек екенін көрсету.Ата-аналарға жеткіншектердің болашақ мамандықты өз бетімен таңдауға мүмкіншілік беруін түсіндіру.
Құрметті ата- аналар! Мамандық таңдауда мынадай ережелерді есте сақтаған жөн:
- Барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және тіршлік еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет;
- Өзін-өзі зерттеу маңызды (қызығулар, мінез ерекшеліктері, бейімділіктер, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейі);
- Өзіне ұнамды және ыңғайлы мамандықты таңдауы тиіс;
- Таңдаған мамандықты зерттеу;
- Таңдаған мамандық бойынша өз күшін байқап көру;
Мамандық туралы жетік білмеу-мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеледі. Оның соңы таңдаған мамандығы өзіне ұнамай, жұмыс орнын жиі өзгертуге әкеліп соқтырады.осы жағдайға байланысты ата-аналарға төмендігі жадынама ұсынғым келеді.
- Баланың өз қалауымен мамандық таңдауына мүмкіндік беру;
- Баланың өзі таңдаған мамандықтың пайдасы мен кері әсерлерін бірлесе шешуге тырысу;
- Болашақ мамандықты таңдау кезінде материалдық жағынан пайдасы мол мамандықтарды ғана емес, соынмен қатар моральдық сезімдерді қанағаттандыратын мамандықтарды да қарастыру;
- Егер мамандық таңдау кезінде баланы эмоционалдық қысымға алмау;
- Егер баланың тілегі мен шыдамы бойды алып бара жатса, көмек беріп, әңгімелесу;
- Егер бала мамандық таңдау кезінде қателессе, ол үшін баланы жазаламау, қайта қатені түзетуге ұмтылу;
- Егер ата-ана баласының қандай да бір мамандықпен айналысып, жұмыс жасай бастағанын байқаса, онда балаға қолдау көрсету керек.
Мамандық таңдау-әркімнің өз жүрек қалауы. Жүрек қалауымен таңдалған мамандық биік шыңдарға жетелері анық. Ең бастысы мамандық таңдау — баланың өз мамандығына деген қарым-қатынасы мен өз ісіне дсген сүйіспеншіліктентуындамақ. Болашақ мамандық тандау кезінде үлкендердің көмектескеніне қарамастан, соңғы шешімді баланың өзі қабылдайды және одан арғы жауапкершілікті де өз мойнына алады. Әр мамандық өзінше тартымды, өзінше ерекше, қажетті болып саналады. Бірақ сол мамандықтардың ішінен жастардың өзіне сай мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететін ата- аналар өздерінің ақыл-кеңестерін ортаға салып, балаларды дұрыс бағыттап, тура жолға салып жіберсе, нұр үстіне нұр болар еді.